«Казком» мен «Халық банкі» кассирге жарымайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 18 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

«Казком» мен «Халық банкі» кассирге жарымайды

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Банк - ақша мен қаржы қорларын жинақтау, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы төлемдер, несие беретін, ақшалай есеп айырысатын қаржы мекемесі. Бүгінде еліміз бойынша 40-қа жуық банк халыққа қызмет көрсетеді. Ал 90 жылдардың басында республикада 223 банктің қызметіне лицензия берілген екен. Демек, содан бері 180-ге жуық банк жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Жарайды, олардың жабылу себебі елге түсінікті де шығар. Ал бүгіндері есігін айқара ашып, келушілерге қызмет көрсетіп отырғандарының сервисі қай деңгейде?

Жақында әлеуметтік желілердің бірінде шымкенттік тұрғын Шымкенттегі «Отырар» мөлтек ауданындағы «Халық банкі» бөлімшелерінің бірінде болған жағдайды ұялы телефонының видеосына түсіріп, оны желіде жариялаған еді. Онда тұрғын бөлімшедегі электронды таблолардың жұмысы тоқтау себебін банк қызметкерлерінен сұрайды. Алайда, ондағылар құрылғының істен шығып, арнайы маманның шақырылғанын айтып ақталғанымен, нақты қашан шақырылғанын және қай уақытта келетінін дәл айтып бере алмаған. Ал клиенттер болса, кезегінен шатасып, есіл уақытын текке жұмсап отырғанға ұқсайды. Сондай-ақ, банк клиентіне қызметкер видеоға түсіруге болмайтынын ескертіп, қойылған сұрақтарға тек басшылық жауап беретінін жеткізген. Бірақ үстінен қарайтын лауазым иесі денсаулығына байланысты еңбек демалысында болып шықты. Түсінеміз, ешкім темірден жасалған жоқ, адам болған соң ауырады. Бірақ, күн сайын халықтың мұқтажына қызмет көрсететін болғаннан кейін бірінің орнын бірі алмастырса нетті? 

Аталған мекемеге деген халық өкпесі мұнымен шектелмейді. Шымкенттің тағы бір тұрғыны Ақжан Сиханова дәл осы банк бөлімшесіне соңғы рет осыдан екі жетіге жуық уақыт бұрын барғанында төрт кассанның тек екеуі қызмет көрсетіп тұрғанын айтады. Ол ол ма, ондағы қызметкерлер былай тұрсын, күзетші мен еден жуушыларына дейін халыққа жекіреп сөйлейтін көрінеді. «Бір адамды 30-40 минут қабылдайды. Одан қалса жұмыс уақыты біте сала, ұрсып, ғимараттан қуып шығады. Көріп, жағамды ұстап қайтқанмын»,-дейді ол. Сондай-ақ, қызмет көрсетерде ұсталатын пайыздық ставкасы да басқа банктерге қарағанда тым көп екен. 

Шымкенттік тағы бір тұрғын бұл мекемені ауруханаға, пошта ғимаратына теңеген. Себебі медицина мекемелеріндегідей, поштадағыдай кезек ұзын-сонар. Бәлкім, бұл банк клиенттерінің көптігінде шығар. Дегенмен көрпеге қарай көсілу де керек емес пе? Болмаса, ыңғайлылық жасасын. Кезек күту демекші, осыдан 1,5 жыл бұрын Шымкенттегі аталған банк бөлімшелерінде зейнетақы алу үшін кезегін күтіп тұрған 74 жастағы қария күннің аптап ыстығында жүрегі қысылып, ажал құшқан еді. Әрине, өкінішті әрі орны толмас қайғы. 

«Казком» банкіне де елдің өкпесі қара қазандай. Аталған банкке қатысты бұған дейін көптеген шағымдарды естігенбіз. Соның ішінде кассаның аздығы, қызмет көрсетуге селқостық таныту – клиенттердің әбден ашуына тиген. Өткен жылдың соңында дәл осы мекемеде сағаттап кезек күтіп, қызметкерлер жұмысына ызаланған бір топ тұрғын шағым айтып, шу шығарған еді. Алайда, ол кезде басшылық мұндай жайттың орын алуы «Казкомның» БТА-мен бірігуінен деп түсіндіріп, алдағы уақытта жағдай дұрысталатынын жеткізген. Бірақ, өзгерген түгі жоқ. Әлі сол. Кезек күту, менеджерлердің баяу қимылы... Ғ.Іляев көшесі бойындағы, Тәуке хан, Республика даңғылындағы бөлімшеде 5-6 кассаның ары кетсе екеуі ғана жұмыс істейді. Қаншама халық жұмыстан қалып, кезегін күтіп отыруға мәжбүр. Айтпақшы, өткен жылы «казкомдықтар» жаңа жылдан бастап әрбір тұтынушыны ыстық шәймен күтіп алып, қонақжайлылық танытуға уәде етіп еді. Алайда, ол туралы елден ешнәрсе естімедік және өзіміз де көрмедік. Мұнда кезек күту ғана емес, менеджерлердің клиентпен дұрыс қарым-қатынас орната алмауы да ұжым үшін үлкен сын болып отыр. 

Тек қана Шымкент емес, түркістандықтар да «Казкомның» азабын тартып келеді. Мадина есімді тұрғын бөлімшеде бір ғана кассаның жұмыс жасауы тұтынушылардың алтындай уақытын текке кетіріп отыр дейді. «Еуразиялық банк» клиенттері де кассада отыратындардың дөрекілігіне шағым айтуда. Әрине, бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, бір құмалақ, бір қарын майды шірітетінін ескерсек, айтуды парызымыз деп санадық. Жалпы, банктерге қатысты мақала жазарда Шымкентте орналасқан филиалдарына арнайы бас сұғып, жоғарыда жазылған жайттарға көзімізді жеткіздік те. 

Ал, республиканың өзге өңірлеріндегі жағдай мүлдем басқаша екен. Мәселен, атыраулық Мәдина «Халық» банкінің жұмысына ешбір шағымы жоқ екенін айтты. Әрі қызметкерлері де сыпайылық танытып, жылдам қызмет көрсетеді. Алматыдағы «Банк Центр Кредит» банкінің бөлімшесіндегілер де клиенттен шағым естіп көрмегенге ұқсайды. Соңғы 5 жылдан бері Алматыда тұратын Дана Боранбаева есімді жас ана осында қоныс аударғалы жоғарыда аталған банктің тұрақты тұтынушысы екен. «Жалақым «Банк Центр Кредит» арқылы түседі. Шағымым жоқ. Бөлімшедегілер де жақсы қызмет көрсетеді. Менеджерлері көп. Ақшаны банкомат арқылы алатын болған соң кассадағылар туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ, осы уақытқа дейін өзге де келушілердің кассирге айтқан шағымын естімеппін»,-дейді. 

Астаналық тұрғын Әсел Әлібиқызы «Казком» банкінің Сейфуллин көшесі бойында орналасқан бөлімшесіне қатысты айтар уәжі бар. Қызметкерлерінің киген ерсі киімдерінен бастап, олардың клиенттерге сөйлеуі, мемлекеттік тілге жүрдім-бардым қарауы, алдына келушілерді ұзақ уақыт ұстап, халықтың алтын уақытын ұрлап отырғанға ұқсайды. Бұған дейін ол «БТА» банкінің клиенті болған. 

Міне, халықтың ақшасы арқылы жұмысын дөңгелетіп отырған банктердегі жағдай осындай. Халық қашанғы шыдасын? Ашынған ел шу шығарып, клиент жоғалса, бактердің жағдайы мүшкіл болып, тіпті, банкротқа ұшырауы да ғажап емес. Демек, есіктеріне қара құлып салынбай тұрғанда банктегілер жұмыс жүйесін бір жөнге келтірер деген ойдамыз. Әрине, мұнда елдегі барлық банктің қызметін тізбектеп шықпадық. Тек шағым көп айтылғандарына мән бердік. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Дина
0 Дина 17.02.2016 14:28
У нас в Атырау по ул Ауезова-отличны кассир апай(возле охранника сидит) Пока всех не обслужит,дверь не закроет ,Только одно но! Людей там всегда очень много,Там развязка дороги в сторону Балыкшы и в Авангард плюс тут еще находится налоговый комитет( сами понимаете, поход в налоговую чем кончается)Очень просим руководство банка-пжлста,откройте еще одно окошко!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Танымал журналист Сара Назарбаеваның мерейтойына қатысты жақ ашпаған мемлекеттік БАҚ-тарға таң қалды

Орыс тілді қазақстандық белгілі журналист Ержан Сүлейменов мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысын сынға алды. Нақтырағы, ол елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның 75 жылдық мерейтойының кеңінен насихатталмағ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік жастар балалар үйіне барып, палау таратты

Шымкенттің белсенді жастары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы барып, қой сойып,  палау таратты. Асты  әзірлеу үшін ұйымдастырушылар 16 жылдан бері ас...

Korrespondent.kz Қоғам

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: "Шәкіртінен пара дәмету - өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей"

Шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлы ұстаздардың шәкіртінен пара алуына қатысты өткір ойын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөлісті. Тіпті ол өзінің басынан өткен оқиғаны мысалға келтіріп, б...

Korrespondent.kz Қоғам

Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

41
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №4

41
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №3

42
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №2

42
Жарнама

Корреспондент газетінің жарнамасы. №1

39
Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter