Монша ішіндегі әңгіме
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Монша ішіндегі әңгіме

«Нұр Отаннан» еместерге әкімдіктің ауылы алыс

«Нұр Отаннан» еместерге әкімдіктің ауылы алыс

Парламенттегі депутаттық мандатымен қош айтысып, ауылға оралғандар мен заң шығарушы органның дәмін енді тата бастағандардың кейбірі Оңтүстікте «Коалиция против акима области» құрғанын әнеугүні айтып едік қой. Есіңізге түсті ме?

Замәкім Астанадан ұялып қайтыпты

Замәкім Астанадан ұялып қайтыпты

Ұзынқұлақтың айтуынша, ОҚО әкімінің бір орынбасары Астанаға бостан-босқа барып келіпті. Не үшін барды дейсіз ғой? Білім басқармасына сонау елордадан үшбу хат келген. Онда оқулыққа қаржы бөлу мәселесі талқыланатын жиын өтеді, осыған жауапты облыс әкімінің орынбасары қатысуы тиіс делінген көрінеді.

Қырымбек АП-ға тағы да бара алмай қалды

Қырымбек АП-ға тағы да бара алмай қалды

Қызылорда облысының қазіргі әкіміне үлкен бір қызмет бұйырмай-ақ қойды. Айналып келіп әкімдікке жегіп қояды. Әкім болғанда да Астана мен Алматыдай алыптың әкімі етсе мейлі ғой, айналдырып батысқа апарады, шөлге айнала бастаған Қызылордаға тастап кетеді.

Болатбекке қиын болайын деп тұр...

Болатбекке қиын болайын деп тұр...

Кеше ғана ОҚО ішкі саясат басқармасының басшылығына тағайындалған Болатбек Төлегенге оңай болайын деп тұрған жоқ сияқты. Тағы сол ұзынқұлақтың айтуынша, жаңа басшыға ОҚО-дағы саңырауқұлақтай қаптап кеткен, аты бар заты жоқ газеттердің ең белсенді 50-ін қалдырып, қалғанын «ликвидировать» ету туралы тапсырма жүктеліпті-міс.

«Корреспондентке» жазылма, мына газетке жазыл»

«Корреспондентке» жазылма, мына газетке жазыл»

ОҚО әкімінің атын пайдаланып, «тірлік» істейтіндер Марокко шегірткесіндей қаптап барады. Бойында сыр жатпайтын желауыздың сөзіне сенсек, ОҚО әкімдігіндегі бір саяси қызметкер үлкен беделін пайдаланып, аудан әкімдеріне «звондап», «әкім айтты, «Корреспондент» газетіне жазылмаңдар, одан да мына газетке жазылыңдар» деп жүрген көрінеді.

Мырзахметов вице-премьерлікке Шардарадағы «косягын» жабу үшін келіскен бе?

Мырзахметов вице-премьерлікке Шардарадағы «косягын» жабу үшін келіскен бе?

Асқар Мырзахметовтың Ауыл шаруашылығы министрлігіне баруы және вице-премьерлікке көнуінің астарын іздеушілер неше түрлі нұсқаларды алға тарта бастады. Таяуда ұзынқұлақтан мына бір нұсқаны естіп, таң қалдық. Айтуынша, Мырзахметов жер төңірегіндегі дау-дамайды шешу үшін емес, Шардара маңында жүзеге асуы тиіс бір жобасының «косягын» жабу үшін үлкен қызметке барыпты-мыс.

Шыңғыс Мұқан Америкаға проблемадан қашып кетіпті...

Шыңғыс Мұқан Америкаға проблемадан қашып кетіпті...

Желауыздардың айтуынша, Атырау облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Ш.Мұқан алғаш боп Атырауда бұрқ еткен жер мәселесінен кейін шұғыл түрде киім-кешегін жинап, мұхит асқан көрінеді. Әріптесімізді біз мұндайға қимаймыз. Ол өзінің халықпен бірге екенін талай рет көрсеткен.

Е.Садырдың төбесіне су тамған ба?

Е.Садырдың төбесіне су тамған ба?

ОҚО әкімінің орынбасарларының бірі, бірі болғанда да негізгілерінің бірі – Ербол Садыр жақын арада қызмет ауыстырмақ көрінеді. Алайда, жаны тірмізік, тау қозғалса да, қозғалуы қиын Ерекеңнің мұнысы несі?

Террористер көктен түскен екен

Террористер көктен түскен екен

ІІМ министрі Қ.Қасымовтың мәлімдемесінен біз осыны түсіндік. Оның айтуынша, террористерге тапсырма Сириядан беріліпті. Құлаққа кіретін әңгімеге ұқсай ма? Әрине, ұқсайды. Өйткені Қазақстанда террористердің көсемі, ұстаздары жоқ. Бәрі – шетелде. Әсіресе, Сирияда.

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жетімдер үйіне таласып, абыройсыз болғандығы әсер етті ме, рас болса, әйтеуір Елбасы Мәсімовты жуық арада орнынан алатын көрінеді.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter