Террористер көктен түскен екен
ІІМ министрі Қ.Қасымовтың мәлімдемесінен біз осыны түсіндік. Оның айтуынша, террористерге тапсырма Сириядан беріліпті. Құлаққа кіретін әңгімеге ұқсай ма? Әрине, ұқсайды. Өйткені Қазақстанда террористердің көсемі, ұстаздары жоқ. Бәрі – шетелде. Әсіресе, Сирияда.
Оларға ешкім уағыз айтып, мешітке жетектеп, ертіп барған жоқ. Қасиетті жерлерге бару, жеті шелпек тарату, әруақтарға құран бағыштау, үлкенге сәлем салу және тағы басқаларды «ширк» деп ешкім үйреткен жоқ. Намаз оқымайтынның бәрін шетінен кәпір, олардың бәрі асыл дініміздің жаулары деп миына ешкім құйған жоқ. Сонда бұлар көктен түспегенде қайдан түссін?! Мүмкін, ОҚО-ның шегірткелері сияқты жерді жарып шыққан жоқ шығар...
- террорист
- Қалмұхамбет Қасымов
- шетел
- Сирия