Шыңғыс Мұқан Америкаға проблемадан қашып кетіпті...
Желауыздардың айтуынша, Атырау облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Ш.Мұқан алғаш боп Атырауда бұрқ еткен жер мәселесінен кейін шұғыл түрде киім-кешегін жинап, мұхит асқан көрінеді. Әріптесімізді біз мұндайға қимаймыз. Ол өзінің халықпен бірге екенін талай рет көрсеткен.
Алғашқылардың бірі болып Атырау облысында діни радикализмнің белең алып бара жатқанын айтып қана қойған жоқ, ол бойынша сұхбаттар беріп, деректі фильмдер түсірген болатын. Болашақпен оқуға кету бір күннің ісі емес екенін бәрі біледі. Осыған қарап, желауыздардың аузынан шыққанды тек өсек деп білеміз...
- Шыңғыс Мұқан
- Атырау облысы