Монша ішіндегі әңгіме
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Монша ішіндегі әңгіме

Әкімнің атын пайдаланып жүр екен...

Ұзынқұлақтан естуімізше оңтүстік өңірлердегі бір облыстың әкімдігіне жаңадан тағайындалған, сайтан суға тойып алып, беті ісіп жүретін шенеунік әліне қарамай біреуді мәдениет ошақтарының біріне басшысы етіп тағайындатқызып жіберіпті. Қалай дейсіз ғой?

Гүлшараның орнына кім лайық?

Ақтөбедегі оқиға елдегі идеологтардың дұрыс жұмыс істемегенінің бір көрінісі дейді білетіндер. Сол идеология саласының басында кім тұр өзі? Елдің айтуынша Гүлшара Әбдіхалықова тұр. Бірақ бұл қызметпен жаны нәзік Гүлшара айналыса ала ма, мәселе осында.

«Ағасының проблемасы інісіне кесірін тигізбей ме?»

Елді біраз шулатқан, бірнеше айып тағылған Тоқтар Төлешовтің сыбайластары да бар көрінеді. Бұны біз емес, таяуда ҰҚК баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Қарасаевтың өзі айтты. Оның ішінде кілең ығайлар мен сығайлардың есімдері жүр.

Ерлан Қариннің не ойлағаны бар?

«Қазақстандық ұлт» концепциясының (Әзімбай Ғалидың айтуынша), Президентке «Елбасы» деп статус беру идеясының авторы Ерлан Қарин соңғы кезде өзін ерекше белсенді етіп көрсетуге тырысып жүр. Атап айтсақ, жер дауына қатысты мәселені шешуде, кеше ғана Ақтөбеде орын алған террорлық актіге талдау жасауда өзін мықты ғалым әрі идеолог ретінде танытқан Ерекең қай қызметті болсын қалпақпен ұрып алуға дайын.

Берік Уәли көшкен жұртта қалмайтын шығар...

Білетіндердің айтуынша, А. Мырзахметов Берік Уәли қасына келген соң ғана идеолог ретінде таныла бастапты-мыс. Өзін идеолог ретінде көрсете білген соң ғана шығар, «Нұр Отанға» басшы болғаны дейді білетіндер. Алайда, Асқар Исабекұлы «Нұр Отанға» барған соң айналасындағы командаластарының ауыздарын жауып, «үнін шығармауға» тырысыпты.

«Шегірткенің айғырлары» Тұяқбаевтан қашып жүр

ОҚО-да шегіртке қаптап кетті деп диқандар дабыл қаққанына біраз болды. «Тоңмойын, көкезу шенеуніктер бюрократиямен айналысып жүріп, бақандай бір ай кеш қалды» деп шаруалар ызаға булығып жүргенге ұқсайды. Енді қайтсін, соның зардабын бейшара дихандар тартып отыр. Шенеуніктердің ештеңесі де кеткен жоқ.

Мәдениеттің экс-министрі «ойын-сауық» орталығын ашты

«Ойын-сауық» дегенді төсек-сауық деп қалмаңыз, бұл кәдімгі демалып, тынығып, бос уақытыңды оңаша өткізетін жер. Осы орталықтың ашылуында экс-министр ұлан-асыр той жасапты.

Біраз шенеуніктің иығы бассыз қалуы мүмкін

Жыл сайын ОҚО-да 6 млрд теңгеге жуық қаражат ауыл шаруашылығы саласында субсидия ретінде беріледі екен. Оның ішінде бау-бақша еккендерге, мал бордақылайтындарға үлестіріледі. Бір қызығы, субсидияны жыл сайын жоғарыда таныстары бар белгілі «олигархтар» ғана алады-мыс. Субсидия алатындардың бір қулығын айта кетейік.

Шымкенттің әкімі «шумахерді» ұстады

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Шымкенттің ірі көшелерінің бірінде «сороковка» мінген бір жүргізуші тәртіп бұзып, полицейлерден қашқан ғой. Шенділердің қызметтік көлігі жапондық көлікке ілесе алмапты. Қызықтың көкесі де осы кезде басталған.

Жұмыспен қамту орталығындағы 30 адам қызметтен неге кетті?

Ұзынқұлақтан естуімізше Шымкент қаласындағы жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы келгелі ұжымдағы бар жоғы 59 адамның 30-ға жуығы жұмыстан кетіп, орнына жаңа қызметкерлер келіпті. Сол кеткен 30 шақты азамат «жаңа бастық қызмет орындарын бизнеске айналдырып алды» деп, экс-басшыларының үстінен әр жерге шағымданып жүрген көрінеді. Мұны бір деңіз. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter