2017 жылы ұшақ билеттері арзандайды
- Бекжігіт МӘУЛЕНОВ
«Эйр Астана» Ұлттық компаниясының басшылығы 2017 жылдан бастап ең қымбат билеттердің бағасын 10%-ға арзандататынын айтып, сендірді. Нарықты жабық ұстау мүмкін емес. Сондықтан, «Эйр Астананың» баға саясаты өзгереді. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Серік Жұманғариннің айтуынша, «Эйр Астана» әуе компаниясына қатысты тексеру жұмыстары әуе тасымалдаушысының бір мезетте өте төмен және тым жоғары бағаларды, сұранысқа қарай, бір мезгілде қолданып отырған.
«Жақында «Эйр Астанаға» қатысты тиісті тексеру жүргенін білесіздер. Нәтижеде, компания белгілі бір күндері, сұранысқа қарай, өте арзан және тым қымбат бағаларды бір уақытта қолданғаны, былайша айтқанда, динамикалық баға қалыптастыру факті анықталды. Өздеріңіз білетіндей, әуе компаниясы қазір дәл ұшатын күні де біршама жеңілдіктер болатыны туралы мәлімдеді. «Еркіндік» акциясын қолға алды».- деді Серік Жұманғарин.
«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшағының бағалары тым қымбат екені туралы мәселені прокурорлар көтерген еді. Бас көлік прокуроры Ыбырай Тлеуғалиев компания ұшу билеттерін негізсіз қымбаттатқан деген мәлімдеме жасаған болатын. Осыдан кейін монополияны реттеу қызметі елдің бас әуе компаниясына қатысты тергеу бастаған еді. 2016 жылдың қараша айында Бас көлік прокурорының сөзі дәлелін таппай, іс тоқтатылды.
- ұшақ
- билеттер
- қызық ақпарат