Абоненттердің 75 пайызы смартфон ұстайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Абоненттердің 75 пайызы смартфон ұстайды

  • Жан КЕНЖЕ

Ұялы байланыс – айлық табысымыздың белгілі бір бөлігін қажет ететін күнделікті шығындардың бірі. Біреулер оған айына 50 мың теңгеге дейін жұмсаса, енді біреулер 1000 теңгесін де көпсінеді. Дегенмен, бізге ауадай қажет байланыс қызметі қазақстандықтарға қаншалықты қолжетімді?

4ServiceGroup жүргізген зерттеу бойынша, ұялы байланысқа 2000 теңгеден артық жұмсайтын қазақстандықтар саны өткен жылға қарағанда 19 пайызға азайыпты. Биыл ұялы байланысқа 1000-2000 теңге аралығында ақша жұмсайтын респонденттер саны өскен. Сарапшылар, сондай-ақ, ұялы интернет қолданушылардың сегменті қарқынды түрде көбейіп жатқанын атап өтті. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда интернет-қолданушылар саны 15 пайызға өскен. Десе де, респонденттердің 18 пайызы мобильді интернетке мұқтаж екендерін жасырмапты.

«Абоненттердің 13 пайызы ғана өз ұялы байланысына көңілі толады. 35 пайызы байланыс пен мобильді интернет сапасына шағымданып, тағы 28 пайызы қызметтің бағасын қымбатсынып, өз операторларын ауыстырғысы келетінін айтқан. Жалпы, байланыстың сапасына сын айтқандар 4 пайызға өскенін айта кеткен жөн» делінген компания таратқан мәліметте.

Сауалнама операторын ауыстыруға бел байлағандар көбінде тарифтің қымбаттығын сылтау етеді (44 пайызы). Расында, сарапшылардың айтуынша, ұялы байланыс қызметі өткен жылмен салыстырғанда қымбаттап кеткен. Операторлар SMS санын азайтып, интернет-трафик пен басқа операторларға шалынатын қоңыраулар лимитін көбейтуге тырысуда. Мысалы, соңғы бір жылда барлық операторлар желі ішіндегі қоңырауларға тариф қоймайтын болды. Яғни, тариф ішінде байланыс тегін.

Ұялы байланысты негізінен 16-29 (37 пайыз) және 30-39 (23 пайыз) жас аралығындағы жастар жиі қолданады екен. Барлық абоненттердің 75 пайызы смартфон ұстайды. Абоненттер жиі атаған ең танымал операторлар – Tele2, Activ және Beeline.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter