Болатбекке қиын болайын деп тұр...
Кеше ғана ОҚО ішкі саясат басқармасының басшылығына тағайындалған Болатбек Төлегенге оңай болайын деп тұрған жоқ сияқты. Тағы сол ұзынқұлақтың айтуынша, жаңа басшыға ОҚО-дағы саңырауқұлақтай қаптап кеткен, аты бар заты жоқ газеттердің ең белсенді 50-ін қалдырып, қалғанын «ликвидировать» ету туралы тапсырма жүктеліпті-міс.
Одан қалса, әбден асқынып кеткен трайбализм, рушылдық дейтін сорақылықтармен күресу міндеті тұр. Пәлен жылдан бері ілдебайлап келе жатқан газеттердің өзі редактор, өзі тілші, өзі жаухатшы басшылары Болатбектің дегеніне оңайлықпен көне қояр ма екен? Руыңды білмей, тілге келмейтін дөкейлер мен шенеуніктердің бетін бері қарата алады ма? Бірақ біз Болатбекке сенеміз. «Жас келсе, іске» деп бекер айтпайды ғой. Бұған дейін шал бастықтардың, мас бастықтардың шамасы келмеген тірлік Болатбектің қолынан келуі әбден мүмкін. Іске сәт!
- Болатбек Төлеген
- ОҚО
- ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы