Бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттердің" продюсері Әбдірайымовтың мейрамханасына айттап барды (фото)
Қазақстанның бір топ өнер жұлдыздары "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдіраймовтың жаңа мейрамханасына айттап барды. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Индира Расылхан, Қайрат Нұртастың продсюері Гүлзира Айдарбекова мен Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова және тағы басқалары бар.
Желіде өнер иелері парақшаларына жарыса фото жүктеп, көпшілікке продюсердің жаңа кәсібін жарнамалай түсті. Солардың бірі - танымал әнші Алтынай Жорабаева.
Төрт қызды тәрбиелеп отырған өнер иесі Жорабаева: "Бүгін "Жігіттер" продюсерлік орталығының басшысы Ерғали Әбдірайымов ағамыздың Астананың төрінен ашқан "Бақсарай" мейрамханасынан дәм бұйырыпты. Айттап келіп қалдық. Алла разы болсын, Ереке! Берекесін берсін!" деп жазды. Алайда бұл жазба әншінің виртуалды достарына жақпай қалған болу керек, "осы төртеуінің жүрмейтін жері жоқ", "әлі тойған жоқ па мына кісілер, қашан көрсең дастарханнан (столдан) тұрмайды" деп сынның астына алды. Ал бірі өнер иелерінің қыдырудан шаршамайтынын сеніммен жазған.
Мейрамхана иесі Ерғали Әбдірайымов бұл жазбаға ерекше ілтипатпен пікір қалдырды. Тіпті қадірлі қонақтарын көптен бері күтіп жүргенін де жасырып қалмады.
"Өнердегі достардың бәрі келді сіздерден басқалары. Қашан келеді деп жүр едім. Астарыңыз дәмді болсын. Айт құт-береке алып келсін" деп жазып, енді аталған мейрамханаға Елбасының келуін қалайтынын да жайып салды.
- Алтынай Жорабаева
- Гүлзира Айдарбекова
- Жігіттер квартеті
- Ерғали Әбдірайымов
- айттау
- ораза айт
- Корреспондент
- қызық ақпарат
- Индира Расылхан