Оңтүстік Қазақстанда 25 жылда 268 ауылға газ берілді
Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдары 268 елді мекен газдандырылған. ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым осылай деді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, елімізде 1960 жылдары газдандыру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысынан басталған. 1991 жылы облыстағы 847 елді мекеннің 90 елді мекені табиғи газбен қамтылған болса, 2009-2016 жылдар аралығында республикалық, облыстық бюджеттер есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд. теңге қаражат жұмсалып 203 елді мекен газдандырылған.
Ал, Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 847 елді мекеннің 268-і яғни, 1 608 989 халық табиғи газбен қамтылған.
Сонымен қатар, баяндамашы осы жылы республикалық, облыстық бюджеттен 33 нысанға қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын. Ал жылдың қорытындысымен 25 елді мекен газдандырылып, нәтижесінде 293 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізетінін айтты.
«Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ отандық магистралды құбырдан табиғи газ алатын облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елді мекенді (684 304 халық) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 7 автоматты газ тарату станциялары (әрі қарай АГТС) мен жеткізуші газ құбырларының құрылысы жоспарланған, бүгінгі таңға 4 АГТС іске қосылды»,- деді Марғұлан Марайым.
- ОҚО
- ЮКО
- газ берілді
- Корреспондент
- қызық ақпарат