Алматыда туристерді алдап соққан келіншек емізулі баласымен түрмеге тоғытылды
Алматыда туристерді шетелдегі демалыссыз қалдырған келіншек 3 жылға сотталды. Сан соғып қалған азаматтардың ішінде Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтау қаласының тұрғындары және турагенттер де бар. Өзін турфирма басшысымын деп таныстырған Ғалия Шарапова жұрттан шамамен 60 млн теңге жинап, ізін суытқан. Бүгін судья сотталушының емізулі баласына қарамастан осы іске нүкте қойды. Бұл турал КТК арнасы хабарлады.
Түркиядағы ең қымбат қонақүйлерге жайғастырып, ұмытылмас демалыс ұйымдастырып беремін деп, жұртты сан соқтырған Ғалия Шарапова бүгін сот залында өзін байсалды ұстады. Ол екі жыл бойы уақыты көрсетіліп, туристің атына тіркелген бөлме мен ұшақ билеттерін сатқан. Бірақ барлығы жалған болып шықты. Алданған туристер полицияға шағымданған соң тергеу басталып, пысықай келіншек қамауға алынған. Бірақ аяғы ауыр болған соң бостандыққа жіберіліпті. Ал бүгін сот оның емшектегі баласы болғанына қарамастан жеңілдік жасаған жоқ. Сөйтіп соттың шешімімен келіншек 3 жылға бас бостандығынан айрылып, барлық мүлкі тәркіленді. Жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Сонымен қатар айыпталушының 6 жыл туризм саласында жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұл келіншектің жылмысқы әрекетінен 80 адам сан соғып қалған. Бірақ полицияға арызды соның тек 11-і жазыпты. Демалысы дауға ұласып, сотпен аяқталған туристер бүгінгі үкімімен келіспей отыр. Айтуларынша, келіншек 5 жыл түрмеде отыруы тиіс.
60 миллион теңге материалдық шығынды үптеп кеткен Ғалия Шарапова турагенттіктердің бірінен мәліметтер ұрласа, келесісінде жолдама жасаған. Қылмысы әшкере болған ол сот үкімін естіген соң кішкентай баласын сылтауратып, жауап бергісі келмеді. Тіпті сот отырысында "баламның памперсін ауыстыруға бола ма?" деп соттан рұқсат сұрады.
Емізулі баласын өзімен бірге темір торға ала кеткен Ғалия Шарапованың мүлкі тәркіленіп, келтірілген материалдық шығын өтелмек. 8 айлық баласын өз еркімен туыстарының қарауына бермеген жағдайда ол балалар үйіне өткізілетін болады.
- Алмату
- туристерді алдаған келінешк
- емізулі келіншек түрмеге қамалды
- корерспондент
- қызық ақпарат