Шымкентте тұңғыш рет велостанция ашылды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте тұңғыш рет велостанция ашылды

Шымкентте жаңа жоба қолға алынды. Енді тұрғындар мен қала қонақтарының велосипедтерді жалға алып, қаланы аралауына мүмкіндік туып отыр. Оның ашылу салтанаты әл-Фараби атындағы орталық алаңда өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. 


"Shymkent bike" - еліміздегі екінші жоба болып табылады. Алғашқысы Астана қаласында қолға алынған. Шымкентте қырық станция орналасатын болады. Бүгін оның төртеуі салтанатты түрде пайдалануға берілді. Жалпы велобекеттерде екі жүз велоқұрылғы бар. Олардың барлығы жалға беріледі. Ол үшін пайдаланушы арнайы карточка алуы тиіс. Шымкенттіктер үшін оның құны 11500 теңге. Ал Астанадағы бекеттердегі велосипедтерді жалға алуға берілетін абонемент 6500 теңге тұрады. Өйткені бас қалада велоқұрылғы тебу науқаны небары алты айға созылады. Ал Шымкентте жыл бойына жалғаспақ. Жоба жетекшілері күн салқындағанда Шымкенттегі велоқұрылғылардың доңғалағын қыс мезгіліне лайықтап ауыстыруды жоспарлап отыр. Айтуларынша, шырайлы шаһарда қыс мезгілі деген аты болмаса, ауа райы аса суық болмайды.
Бекеттердегі велоқұрылғылардың барлығы Франция елінен әкелінген. Әрбірінің құны - 432 еуро. Велосипед салмағы - 24 келі.
Веложобаның ашылу салтанатына қатысқан Шымкент әкімі әрі Қазақстанның Велосипед спорты федерациясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының президенті Ғабидолла Әбдірахымов үлкен жобаның іске қосылуымен тұрғындарды құттықтады.
"Бүгін бәріміз үшін қуанышты күн. Бұндай жобалар әлемдегі Лондон, Париж, Токио мен Сеул секілді қалаларда дамып келе жатыр. Қазақстанда ең бірінші Астанада ашылды. Бүгіннен бастап біздің қаламызда да велосипедпен алаңсыз жүруге мүмкіндік туды. Осы жобаның іске қосылуына тікелей іс-қимыл жасағаны үшін Қазақстандағы әл "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевке және барша атсалысқан азаматтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Велосипед - заман талабы, экономика жағынан өте тиімді көлік. Денсаулыққа пайдалы... Барлықтарыңызды велисипдетке көшуге шақырамын"-деді Әбдірахымов. Мұнан соң қала әкімі алғашқылардың бірі болып абонемент сатып алды және қаланы велосипедпен аралады.
Айта кетейік, Шымкент әкімі бұған дейін де велосипедке отырып, жұртшылықты таң қалдырған болатын. Жақында ол енді жұмысқа велосипедпен қатынайтынын мәлімдеді. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter