ОҚО-да биліктің шарасыздығынан ауыл халқы 11 жылдан бері ауыз сусыз отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да биліктің шарасыздығынан ауыл халқы 11 жылдан бері ауыз сусыз отыр

Фото: erkindik.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Достық елді мекенінде он үйді паналаған халық он бір жылдан бері  ауыз су мен көгілдір отынсыз өмір сүруге мәжбүр. Бұл жағдайды шешуге биліктегілердің ле құзыры жетпей келген. Оған себеп - ауылдың шекараға жақын орналасуы. 

 

Осы мақсатпен аймақ басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен  жиын өтті. Күн тәртібінде  2005 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара демаркацияланып, шекара сызығы анықталғаннан кейін онда қалып қойған Достық елді мекеніндегі 10 үйдің мәселесі қаралды. Жиында мәлім болғандай биліктегілер  10 отбасыны көшіру мақсатында Достық ауылына баратын Абай-Калхабад тас жолының екі жақ бетінен 80 га жерді беру үшін Достық елді мекенінің оңтайландырылған жоспарын жасап қойған. Ал тұрғындар  мүлкін заңдастыруға көмектесіп, мемлекет тарапынан өтемақы алып, басқа жерге көшіру туралы өтініштерін жеткізіпті. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруды және ауыл тұрғындарын басқа жерге қоныстандырғанша ауыз сумен қоса сығымдалған газбен қамтамасыз етілуі қажеттігін айтты. Сонымен қатар, аудан әкімдігіне шұғыл түрде аталған үйлер бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуді және мүлікті заңдастыру бойынша құжаттарын рәсімдеуге көмектесуді тапсырды. 

Айта кетейік, аталған ауылға мемлекет есебінен газ, су тарту экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан бүгінге дейін ауыл тұрғындары көгілдір отынсыз және ауыз суды 3 шақырым қашықтықта орналасқан Ұшқын елді мекенінен тасымалдап ішіп отыр. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мақташылардың маңдай ақысы мақта монополистерінің мазағына айналды

Мақтаралда мақта теру науқаны басталды. Мақташы қауымның ала жаздай еткен еңбегі ақтала ма, әлде жылдағы сарынмен тағы да арзымайтын тиын-тебенді қанағат тұтып қала бере ме? Бұл – бүгінде қарасы 300 м...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Экономика

«Абаевты лақтыру операциясы»

«Егемен Қазақстан» газетінің су жаңа басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі соңғы бір-екі аптада белсенділігін күрт арттырды» дейді астаналық ұзынқұлақтар. Тіпті әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларды сарапт...

Korrespondent.kz Саясат

Әкімнің басына бөтелкемен ұрыпты

Күнгейдегі шағалалы ауданның жас әкімі екі күннен бері жұмысқа келмей жүр. Әкімі «жоғалған» жұртшылық бұл «жұмбақтың» сырын сан-сақа жүгіртіп әлек. Аузы жылдам адамдардың айтуынша, аймақтың №1 басшысы...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматыда адамжегіш пайда болған ба?

Күні кеше Алматыда жан түршігерлік қылмыс орын алды. Сол-ақ екен, бұған дейін де «Коля каннибалды» басынан кешірген алматылықтар арасында «тағы да адамжегіш пайда болыпты» деген сыпсың-сыбыс тарай бас...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter