Астанада халық санының миллионға жетуі қазақстандықтардың күлкісін келтірді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Астанада халық санының миллионға жетуі қазақстандықтардың күлкісін келтірді

Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада миллионыншы тұрғынның дүниеге келгені туралы ақпарат тарап, жұртшылық қуанған болатын. Алайда бұл статистикаға күдікпен қарағандар саны басым. Себебі олар небәрі екі айда астаналықтар санының 120 мыңға артуы мүмкін емес дегенді айтып отыр. Бұл әсіресе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, мұндай статистиканы мазаққа айналдырғандар да табылды. Тіпті бірі өткен жылдың қыркүйек айында Астанада жаппай бала көтеру науқаны орын алды деп қалжыңдап жазған. Басым көпшлігі мұндай мәліметті таратқан биліктен ел алдына шығып, аз ғана уақыттың ішінде халық санының бұлайша артуын түсіндіріп беруді талап етіп отыр. Олардың қатарында танымал саясаткер Айдос Сарым да бар.

 

"Астанадағы халық санының бірнеше айда 120 мыңға артуы қалайша? Себебі неде? Өткен жылдың қыркүйегінде тұрғындар неліктен балалы болуға ерекше құлшынған? Әлде тосын сый жасағысы келді ме? Мүмкін цифрды әдейі солай көрсеткен бе? Егер расымен де солай болса, бұл қызметтік қылмыс. Мұнда елдің бүкіл экономикасына деген сенім жатыр" деп жазды өз парақшасында саясаткер. Желі қолданушысының бірі "флешмоб ұйымдастырған ғой сол қыркүйекте Астана тұрғындарын миллионға жеткізейік деген" деп пікір жазып үлгерді. Қысқасы, бұл статистикаға күмәнмен қарағандар қатары көп. Мұны Елбасы мен Астананың туған күні қарсаңында қолдан жасалынып отырған сценраий деп бағалаушылар да жоқ емес.
Айта кетейік, былтыр қазан айындағы статистикаға сенсек, бас қалада 868 мыңдай халық тұрған. Сондай-ақ, статистикалық мәліметте күніне Астанада 70-80 сәби өмірге келетіні жазылған. Демек айына астаналықтар қатары 2400-ге артады. Ал содан бері 8 ай өткендіктен, олардың қатары 19 200-ге артуы тиіс болатын. Расымен де бұл статистика көңілге күмән келтірмей қоймайды екен.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Майра
0 Майра 04.07.2016 20:36
Шине менде кулкы болганы рас ким санап отыр деп ойлаганго оз туысканы на калай патер беруды ойлап тапкан екен быздын жана аким кеше аким озгерып бугын миллионшы тургын туылды дегены кызык жагдай арыне
Жауап беру
н
0 н 05.07.2016 00:10
Аннан мыннан жинап. Оралман дармен толтырып жатыр да.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әк...

Korrespondent.kz Саясат

Қорғанысқа көңіл бөлмесек, қорғансыздың күйін кешуіміз мүмкін

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Енді елімізді жерде жүріп те, аспанда ұшып та, тіпті, ғарыштан да қорғайтын боламыз. Жаңа ведомствоның атауы да атандай – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі минист...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Оқиғалар

Шымкенттің «трущобалары» Мумбайдың «трущобаларына» ұқсайды

Шымкенттің орталығы мен жаңа мөлтекаудандары жыл өткен сайын құлпырып, веложолдар салынып, тротуары мен жолдары қайта-қайта жөнделіп жатса да, шет аймақтарының халі кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, е...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Арыстанбектің абыройы неге сонша төгіле береді?

Арыстанбектен абырой кетті. «Киноға бөлінген ақшаны қымқырып қалды» деген айыптан ақталып үлгермей жатып оған тағы бір кінә тағылды. Бұл жолы ауыр айып. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры бо...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter