Тоқтар Серіковтің сахнадан кетуіне "қызтеке" әншілер себеп болыпты
"Көршінің қызы" деп ән салған Тоқтар Серіков сахнаға не үшін шықпай жүргенін жайып салды. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында әнші сахнадан көрінбей кетуінің негізгі себебін кәсіпкерлікті қолға алуымен байланыстырса, тағы бір сөзінде киелі сахнада өнер көрсетіп жүрген "қызтеке" ұлдардың қаптап кетуі де себеп болғанын айтып қалды.
“Киелі сахнамызда шашын бояп, құлақтарына сырға салып, аулары салақтаған әншілер қаптап кетті. Солардан жиіркенгеннен кеткім келеді, кетіп барамын. Құлақтарына сырға салатын бауырларым - менің бауырларым емес. Бауырларым болмай-ақ қойсын",-деген өнер иесінің ашық-шашық киетін қыздар қауымына да өкпесі қара қазандай.
"Бұдан өзге тізесі жыртық киім киетін қарындастарым бар. Соларды көрген кезде сахнадан кеткім келеді. Қазақ сахнасы оларды менсінбеуі керек. Соларды жақтаған аға-апаларыма өкпелімін”, – дейді әнші.
Айта кетейік, әнші әрі сазгер Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жары Бейбіт Сейдуалиева да әнші. Алайда жұлдызды жұп соңғы жылдары сахнада сирек көрініп жүр.