Оңтүстік Қазақстанда 1478 маман баспаналы болды
Оңтүстік Қазақстан облысында бір ғана «Дипломмен ауылға» жобасы асында 1478 маман баспаналы болды. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамболат Олжатай осылай деді.
Баспасөз мәслихатында басшының міндетін атқарушы Елбасының жыл сайынғы Жолдауында еліміздің жас азаматтарына үлкен назар аударылып келетінін ашып айтты.
«Елімізде іске асырылып келетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында яғни, 2009-2015 жылдар ішінде 4 226 маман 496,2 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақымен қамтылған. Осы жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде 3,2 млрд.теңге бюджеттік кредит бағытталып, нәтижесінде 1 338 маман баспаналы болды. Ал жыл басынан бері 445,4 млн.теңге сомасында бюджеттік несие бағытталып, 140 маман тұрғын үймен қамтылды»,- деді Жамболат Олжатай.
Айта кетерлігі, биыл «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде 699 маманға 103,8 млн теңге көтерме жәрдемақы мен 954,5 млн теңге бюджеттік кредит бөлу жоспарланған. Нәтижесінде 300 маман баспаналы болмақ.
- ОҚО
- ЮКО
- ОҚО жастары үйлі болды
- Аким ЮКО
- ОҚО әкімі
- Бейбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- корерспондент
- Дипломмен ауылға
- қызық ақпарат