Әнші Жазира Төреғалидің әкесіне шәй құйып беремін деп сынның астында қалды (фото)
Танымал әнші Жазира Байырбекова жас өнерпаз Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсеріне шәй құйып бергені үшін тыңдармандарына жақпай қалды.
Жанболаттың жары әлеуметтік желідегі парақшасында Төреәлі Төлеповке шәй құйып беріп отырған фотосын салып, ол кісі өзіне қайын аға болып келетінін виртуалды достарымен бөліскен болатын.
"Төреғалидің әкесі Жанболаттан бір-ақ жас үлкен болса да маған қайын аға болады. Келінінің қолынан шәй ішіп отырған қайын аға..." деп жазды әнші Жазира.
Өнер иесінің бұл жазбасынан соң оны виртуалды достары сынап тастады. Тіпті бірі "енді жетпегені шәй құйғандарыңды да инстаграмға салу керек пе, ойпырмай..." деп ашуға булыққан. Ал келесісі "Келін шәйді толтырып құймайтын еді" деп пікір қалдырса, Нұржамал Жанжігітова есімді қолданушы "болатын нәрсе салыңыздаршы" деген өтінішін қалдырған. Пікір қалдырушылардың арасында әншінің қазақилығына тәнті болғандары да бар. Ерекше айта кетерлігі, желі қолданушылары Төреғалидің әкесі тым кәрі көрінетінін де алға тартып, "түріне қарасаң, бір жас емес, он жас үлкен сияқты ғой" деп пікір қалдырған. Жазбада әнші Жанболат Төреәлі Төлеповтен бір ғана жас кіші екенін атап өткен.
(Фото Жазира мен Жанболаттың инстапарақшасынан алынды)