Алматы әкімі: "Біз Нью-Йорк пен Ыстамбұл болғымыз келмейді"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Алматы әкімі: "Біз Нью-Йорк пен Ыстамбұл болғымыз келмейді"

Фото: www.matritca.kz

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһарды Копенгагенге де, Нью-Йоркке де ұқсатпайтынын жеткізді – деп жазады BAQ.kz.

"Біз Копенгаген, Нью-Йорк, Ыстамбұл қалалары сияқты болғымыз келмейді. Біз өзіндік бірегей қаламыз, тауларымыздың өзі ерекше. Біз жақында туризм туралы әңгімелескен болатынбыз. Расында да табиғат бізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Алматы туристік орталықтардың үздік бестігінде тұр. Бірақ біз қалған мәселелерді шешуіміз керек", - деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Әкімнің айтуынша, Алматы қаласы үшін ең негізгі жұмыстардың бірі - көлік реформасын жүргізу. "Алматы көліктерге арналған қала емес, керісінше, тұрғындарға арналған қала екенін білеміз. Бізде екі негізгі өлшем бар: экология мен көлік саласы. Сіздер қаланың ластануының 80 пайызы осы көліктерден болатынын білесіздер. Сондықтан біздің басты мақсат - көлік реформасын жүргізу. Тұрғындардың көпшілігі қоғамдық көлікпен жүруі үшін автокөліктердің санын азайтуы керек", - деген ұстанымда екенін жеткізді қала басшысы. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әк...

Korrespondent.kz Саясат

Қорғанысқа көңіл бөлмесек, қорғансыздың күйін кешуіміз мүмкін

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Енді елімізді жерде жүріп те, аспанда ұшып та, тіпті, ғарыштан да қорғайтын боламыз. Жаңа ведомствоның атауы да атандай – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі минист...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Оқиғалар

Шымкенттің «трущобалары» Мумбайдың «трущобаларына» ұқсайды

Шымкенттің орталығы мен жаңа мөлтекаудандары жыл өткен сайын құлпырып, веложолдар салынып, тротуары мен жолдары қайта-қайта жөнделіп жатса да, шет аймақтарының халі кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, е...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Арыстанбектің абыройы неге сонша төгіле береді?

Арыстанбектен абырой кетті. «Киноға бөлінген ақшаны қымқырып қалды» деген айыптан ақталып үлгермей жатып оған тағы бір кінә тағылды. Бұл жолы ауыр айып. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры бо...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter