Ақылы жағажай күзетшісі демалушыны ұрып өлтірді
Оралда ақылы жағажай күзетшісі демалушыны соққыға жығып, өлтіріп қойды.
Қайлығы оқиға 26 маусым күні түскі уақыт шамасында "Карьер" ақылы жағажай маңында орын алған. Жағажайға демалуға келген 27 жастағы жігіт шылым тартқан. Негізі қоғамдық орында бұл әрекетке рұқсат етілмейді. Кенеттен демалыс орнының күзетшісі жігітке ескерту жасайды. Сол сәтте күзетші мен демалушы өзара сөзге келіп, оның соңы төбелеске ұласады. Жігіт күзетшінің ауыр соққысынан есінен танып қалады. Алайда күзетші жәбірленушіге көмек көрсетпестен қашып кеткен. Жағажайға келген өзге демалушылар соққыдан құлаған жігіттің есін жиюына көмектесіпті. Содан жедел жәрдем қызметін күтпестен жақын маңдағы медицина мекемесіне жеткізеді. Өкінішке орай жігіттің мойын омыртқасы үзіліп кеткендіктен тілге келместен көз жұмды.
- Оралда күзетші адам өлтіріп қойды
- күзетші демалушыны ұрып соқты
- Корреспондент
- қызық ақпарат