Қарағандыда Геннадий Головкин қаржы құйған кәсіпорын ашылды
Қарағандыда көмір байыту жөніндегі жаңа кәсіпорын ашылды. Оның ашылу салтанатына кәсіби шаршы алаңда тапқан табысын осы жобаға инвестиция ретінде құйған әлем чемпионы Геннадий Головкин қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Көмірдің сапалы қасиеттерін арттыруға бағытталған инвестициялар ЕАЭО-да, кейін ДСҰ-да қазақстандық көмір өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі болып табылады. Жаңадан ашылған өндірісте 150 жұмыс орны қарастырылған. Алдағы уақытта фабрика кеңейіп, дамып, өндірісті ұлғайтпақ.
Көмірді байыту – ол барлық бағалы минералдарды бос жыныстардан бөлу мақсатында көмірді өңдеудің бастапқты процестерінің жиынтығы болып табылады.
- Геннадий Головкин
- Қарағанды
- көмірді байытатын фабрика