Спорт
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Спорт

Фото: www.diapazon.kz

Шымкенттік жігіт Нью-Йоркте полицей болып істейді әрі танымал боксшы

Бұрынғы қазақстандық Димаш Ниязов бүгінде Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейді. The Wall Street Journal таратқан мәліметте полицей жігіт Шымкенттің тумасы екені жазылған.

 

Шенді қызметкер 13 жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған. Қазақстанда ол Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігімен жаттыққан.

Күнделікті полицейлік қызметінен соң ол бокспен шұғылданады. Қаншама еңбек, жаттығу залындағы тер төгу текке кетпеген де екен.

2016 жылдың 7 ақпанында 26 жастағы Димаш кәсіпқой шаршы алаңда өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джеймс Лестер болды.

6 раундты жекпе-жек өте тартысты өтті. Барлық раундта Ниязов басымдылығын танытып, төрешілер түгелімен бір ауыздан Димаштың қолдаған.

Қазақстанның тумасы төрт жыл бойы кәсіпқой бокспен айналысып келеді. Бірақ оның жаттығу залына жиі бас сұғуға уақыты бола бермейді. Себебі полицей жігіттің бос уақыты көп емес.

«Жұмыс өте қауіпті» деп әңгімесін бастаған ол полицейлердің өміріне деген қауіп кез келген сәтте болатынын жасырмайды. Айтпақшы, Ниязов қызмет уақытысында тапанша атып көрмепті. «Аллаға шүкір»,-деді ол. Көп кедергілерге бокстағы іс-қимылдарының көмегі тиетін көрінеді.

 Алғашында экс-қазақстандықта Америкадағы өмірі оңайға соқпаған екен. Оның үстіне ол қоныс аударған жылдары Америкада қазақ жастары тіптен болмаған, тек бірнеше орыс ұлтының өкілдері ғана Стэйтен Айленд мектебінде білім алған. Ол үшін ағышын тілін меңгеру аса маңызды болды. Сондықтан да оның анасы ұлын тілді ертерек меңгерсін деген мақсатпен үйінде де ағылшын тілінде сөйлеуін талап еткен. Екі жыл уақыт ішінде Димаш ағылшынша толықтай үйреніп, ел қатарлы оқу жүйесіне көшкен.

Алғашында Ниязов анасы секілді медицина жолын таңдаған. Бірақ Полиция академиясы оны оқуға қабылдауға рұқсат бергенде ол ойланбастан осы салаға келген. Дегенмен спортты тастамауды жөн санапты. Полицей жігіт кәсіпқой бокста алып асуларды бағындырса да, полицейлік қызметсіз өмірін елестете алмайды. Ол үшін өзі өмір сүретін және жұмыс жасайтын қаладағы тәртіпті бақылау бәрінен де маңызды.   

Білетіндердің айтуынша, Димаштың әкесі бокстан жаттықтырушы болып жүріп кейін АҚШ-қа көшкен екен. Осыдан тоғыз жыл бұрын Қытайда өткен оқу-жаттығуға қатысқан Ниязов шымкенттік спортшыларды алғашында жатырқаған екен. "Қытайдағы алғашқы күндері бізді жатырқайтын. Кейін екі аптадан кейін "шымкенсткий" етіп шығардық қой. Қазір көрсе танымайтын шығар" деп еске алды сол кездегі спортшылардың бірі. 

(Материал NUR.KZ порталынан аударылды) 

Фото: ontustik.gov.kz

ОҚО спортшылары үш айда 600-ден астам медальға ие болды

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары спорттың 59 түрі бойынша 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медаль жеңіп алды. Олар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысқан, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Демеушілер 31 спорт алаңшасын салып берді

Демеушілер 31 спорт алаңшасын салып берді

Жамбылда соңғы үш жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілген. Оның 5-еуі Тараз қаласында орналасса, қалғандары Сарысу, Талас және Жуалы мен Мойынқұмда бой көтерген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков мәлімдеді. 

Шымкенттіктер жеңіспен бастады

Шымкенттіктер жеңіспен бастады

«Ордабасы» футбол клубы ел чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы матчын ақтөбеліктермен өткізді. Кездесу Шымкенттегі Орталық стадионда өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласының әкімдері қатысып, жергілікті футболшыларға жанкүйер болды. 

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

Риода Қазақстан неше медаль алуы мүмкін?

Биыл тамыздың 5-і күні сонау Латын Америкасындағы алып ел – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. 21 тамызға дейін жалғасатын додада 110-нан астам қазақстандық спортшы ел намысын қорғауы мүмкін. Олар спорттың 27 түрі бойынша бақ сынамақ. Әрине, бұл жоспар ғана. Себебі маңызды додаға берілетін жолдама үшін талас әлі де жалғасып жатыр. 

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»

Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Қанат Ислам Риода өтетін Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы пікірін «Ойшоғыр» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты. Бүгінде АҚШ-та жаттығу жасап жүрген боксшымен байланысу портал үшін оңайға соқпағаны белгілі. Журналистің «Риоға барып, ел намысын қорғау қаншалықты мүмкін болып тұр?» деген сұрағына спортшы қазақ елінің көрсеткен қолдауына алғыс айтудан бастаған. 

Фото: astanafans.com

Ғабидолла Әбдірахымов: "Күш-қуатымды велоспорттың дамуына қосамын деп сөз беремін"

Шымкенттіктер енді кез келген уақытта велосипедке отырып, діттеген жерлеріне жете алады. Өйткені шаһарда екі дөңгелекті жүргізу құралдары жалға берілетін ««Shymkent Bike» автоматтандырылған стансалар жұмысын бастамақ. Осы мақсатпен облыс орталығында баспасөз мәслихаты өтіп, Қазақстанның «Велосипед спорты» федерациясының вице-президенті Аманбек Құлшықов жоба жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Аманбек Қайратұлы жоба туралы сөз қозғамас бұрын алдымен Қазақстанның «Велосипед спорты» федерациясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы ашылғанын хабарлап, оны Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов басқаратынын айтты. Мұны естіген шаһар басшысы федерацияға алғысын айтып үлгерді.

Футболшы Алматыдағы дүкеннен 120 мың теңгеге сүйретпе сатып алды

Алматыда белгісіз ер адам дүкендердің бірінен 5 млн теңгеге сауда жасады. Ол сатып алған тауарлардың ішінде 70 мың теңгенің кепкасы мен 120 мың теңгелік үйге киетін аяқ киімдер бар. Редакцияға 5 млн теңгеге сауда жасаған адамның чегі келіп түсті. Фотоны жіберген дереккөздің айтуынша, бұл сауданы әйгілі ресейлік футболшы жасауы мүмкін, деп жазады NUR.KZ порталы. 

Қазақ қызы – монғол чемпионы!

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасында ел біріншілігі өтіп, онда қазақ қызы Нұржамила Батырбекқызы Моңғолия чемпионы атанды. 48 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Нұржәмила барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізген. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter