«Бизнесті дамытамын» деген шенеунік керісінше оны құзға итеріп жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Бизнесті дамытамын» деген шенеунік керісінше оны құзға итеріп жатыр

«Бизнесті дамытамын» деген шенеунік керісінше оны құзға итеріп жатыр
  • Жан КЕНЖЕ

Экономикалық дағдарыс жағадан алғанда, ең бірінші зардабын көретін – кәсіпкерлер, өндіріс орындары. Алайда, олардың жаппай жабылуының себебі бұл ғана емес екен. Мысалы, мемлекеттік мекемелер, бюрократия сияқты факторлар олардың онсыз да мүшкіл халін одан әрі тұралатып, діңкелетіп тастайды. Рас. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде бір жылда 11 мыңға жуық кәсіпорын жұмысын тоқтатқаны бұл сөзімізге айқын дәлел.

Таяуда ОҚО бас прокуроры И.Иманов осындай мәселе көтерді. Қадағалаушы орган басшысының сөзіне сенсек, халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне әкімшілік кедергілер себеп болуда. Заңсыз тексеру мен әкімшілік кедергілерді айтпағанда, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының өзі кәсіп иелерінің қолына уақытылы жетпей отыр. Облыс прокуроры «отандық бизнесті қолдау мақсатында бөлініп жатқан бюджет қаржысы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр» дейді. Ебін тапқан пысықайлар мемлекет жеңілдіктерін пайдаланып, екі асап қалуға асықса, енді бірі қолдан жасалып отырған қағазбастылықтың кесірінен сол қамқорлыққа қолы жетпей жүр. Прокурорлар жергілікті атқарушы орган өкілдері рұқсат етілген сауда орындарын нақтылауға келгенде де құлықсыз дейді. Айтуларынша, тұрғындарға заңды жолмен пайда табуға жағдай жасалмаған. Соған қарамастан полиция қызметкерлері жыл басынан бері 5 мыңға жуық тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осындай былықты сынға алған облыс прокуроры жергілікті тәртіп сақшыларының санаға сыймайтын әрекеттерін ерекше қадап айтты.

«Қызметін тоқтатқан кәсіпкерлердің 4 мыңнан астамы – сауда, 500-ден астамы – ауылшаруашылығы, 500 – көлік, 300-ден астамы – өңдеу саласында және қоғамдық тамақтану мен жылжымайтын мүлікті операциялаумен айналысқан» дейді И.Иманов.

Прокурордың айтуынша, біздегі мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік саланың дамуына емес, оның тұралауына көбірек күш салатынға ұқсайды. Тіпті, бұл бағытта бәсекелестік те байқалады. Өйткені, жұмыс істеймін деген тұлғаларға кедергі келтірмеген мекеме жоқтың қасы.

Ол аз болғандай жақында тағы бір ереже күшіне енді. 1 қазанға шейін экономикалық қызметпен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалар жұмыспен қамту мекемесіне қажетті мамандар, бос вакансиялар жайлы есеп беруге тиіс. Ал ол жайлы кәсіпкерлердің басым бөлігі хабарсыз. Бұл есеп жұмыссыздықпен күресу үшін шығарылған-мыс. Олар есепті бүгін тапсырып үлгеруі керек. Ал үлгермегендер 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Бұл жайлы естімегендерді қойып, естіп алып, есеп тапсырып жатқандардың халіне келейік. Қазір жұмыспен қамту орталығында болып жатқан сұмдықты өз көзімен көргендер оны аласапыранның нағыз өзі деп сипаттап отыр. Алматы қаласының тұрғыны Айдар Сейдалиевтің айтуынша, бұл «дурдом-шоуды» ол әлі ұзақ уақыт ұмыта алмас.

«Жүзден астам адам кезегімізді күтіп тұрдық. Көп-шілігіміздің қарамағымызда жұмыс орны мүлде жоқ. Түстен кейін меңгеруші шықты да «вакансия жоқ болса, есеп өткізудің қажеті жоқ» деді. Яғни, сонда бүкіл қыркүйек бойында олар жеке кәсіпкерлерден бекерден бекер есеп алып келді. Әйтпесе, көбісінің ИП-сында бір адам ғана жұмыс істейді ғой. Қаншама адамның телегей-теңіз уақыты кезек күтіп, құжат жинаумен босқа өтті деңіз. Сондағысы – бұл жарлықты жұмыспен қамту орталықтары дұрыс түсінбеген екен. Мен де ол жарлықпен мұқият таныстым. Құжат екіұшты етіп жазылған. Бірден түсіну өте қиын. Соған қарағанда біздің министрліктерде осыншама сауатсыз, надан адамдар отырғаны ма? Миллиондаған адамға қатысты бұйрыққа тиісті бөлімдер бұрыштама соғуы тиіс емес пе. Масқара екен мынауың, әлеуметтік қорғау министрлігі» дейді ол.

Айтып отырғаны – көптің көңілінде жүрген ой. Мысалы, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары осы күнге шейін мыңнан астам адамнан осындай есеп қабылдап алған. Олар да уақытын босқа жоғалтты дей беріңіз. Қайтеді енді, 22 000 теңге де кәсіпкер үшін тәп-тәуір ақша ғой. Ал Шымкентте әлі 180 мың адамның есеп тапсырмағанын ескерсек, олардың басым бөлігі қалтасындағы 22 мың теңгесінен қағылды дей беріңіз.

Міне, бұл жарлық та отандық кәсіпкерлікті аяқтан шалу үшін мемлекеттің ойлап тапқан кедергілерінің біреуі. Аттап бассаң, кедергі. Содан кейін қазақ бизнесі қалай дамысын?! Дамудың орнына жабылып жатыр. Бюрократия болған жерде парақорлық күшейеді. Ал оның қанат жаюына мемлекеттің өзі негіз қалаған соң не деуге болады...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін...

Korrespondent.kz Саясат

Қоғамдық тыңдау қарапайым халықтың қытығына тию үшін керек пе?

Бізде бір түсінбейтін жағдай бар. «Халықтың пікірі ескерусіз қалмасын, қандай жағдайда да мәселенің түйінін ел айтады» дейміз. Алайда айтқан сөзіміз бен іс-әрекетіміз бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Ел...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Донжуан келе жатыр...

Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес...

Korrespondent.kz Қоғам

Шураулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Күз – молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуі осы тұста айқындалады. Жеміс-жидек жетіліп, еккен өнімге орақ түсетін осы тұста шаруалардың шөже санайтыны бар. Сол айтқандай, биылғы күзде түркіста...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter