Жасанды түсік түбімізге жетпесін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жасанды түсік түбімізге жетпесін

Жасанды түсік түбімізге жетпесін
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Елімізде егемендік алғалы бері 4 миллионнан астам түсік жасалыпты. Егер бала алдыратындар болмағанда, ендігі қазақстандықтар жиырма миллионға жетіп жығылар еді. Қазақстанда жылына 150-160 мыңдай нәресте жарық дүниені көрмей жер жастанатын болса, еліміздегі әрбір төртінші баланы дүниеге әкелетін Оңтүстіктегі көрсеткіш қандай?

Өткен жылы Салтанат Байқошқарова түсік жасатудан Оңтүстік көш бастап тұрғанын айтып, дабыл қаққан еді. 2015 жылдың 11 айында ОҚО-да 8 ана көз жұмғанын айтқан ол: «Түсік жасайтындардың саны да күрт көбейген. Мәселен, өткен жылдың 10 айында 3887 әйел аборт жасатса, биыл қаңтар мен қазан айларында 5227 әйел түсік жасатыпты» деген болатын. Енді аз ба, көп пе, өзіңіз пайымдай беріңіз...

Осыдан бірнеше жыл бұрын тілдескен Айғанымның оқиғасы ойыма оралды. «Біраз жыл бұрын түрік азаматымен бірге тұрдым»,-деп бастаған-ды ол өзінің әңгімесін. Сосын Түркияға кететін болған соң жігіт үйленейік деген. Ата-анасының ақ батасын алмақ болған бойжеткен тұрмысқа шығатынын отбасына айтқанда, олар «енді ел-жұрттың бетіне қалай қараймыз» деп зар қағады. Үлкендердің сөзінен асып кете алмаған бойжеткен кейін құрсақ көтергенін білгенде жанында ешкім жоғын түсінеді. «Амал жоқ, баламды алдырып тастадым. Содан екі жыл өткен соң қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Бірақ содан бері үш жыл өтсе де, әлі балалы бола алмай жатырмыз. Сол бір күнді ойласам, ішім өртенеді»,-деп ауыр күрсінген еді. Ал Маржан болса, бүгінде Оңтүстіктің келіні. «Екі қыздан кейін өмірге бір ұл әкелдім. Ұлым көп ауыратын. Көп ұзамай төртіншісін көтергенде, күйеуім екеуміз пәтерден-пәтерге көшіп жүрміз, оның үстіне кішкентайымыз көп ауырады деп төртіншісін алдырып тастадық. Әліге дейін есімнен кетпейді. Сосын қатты қорықтым, бірақ содан көп ұзамай тағы құрсақ көтердім. Ақыры Алланың бергені шығар деп алдырмаймын деп қасарысып отырып алдым. Қазір алдырмақ болған қызым мүлде бөлек, тым тәтті. Бүгінде алты балам бар, Аллаға шүкір» деген ол ондай кезде әйелдің мықты болу керегін қайта-қайта айтып, асығыстық жасамау керектігін ескертті.

Психолог А.Мергенбаева «бой-жетіп келе жатқан қыздармен ашық әңгімелесіп, интимді өмір заңдылықтарын бүкпей, ата-анасы түсіндіруі керек» дейді. Маманның айтуынша, ата-ана неғұрлым көп тыйым салған сайын қыз бала сырласатын адамды сырттан іздей бастайды. Ал қадамын шалыс басып, адасатын болса, жақындары теріс айналатынын ойлап, тығырықтан шығатын жолды жалғыз табуға тырысады екен. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, жатырға біткен шарана ота жасарда жанталасып, пышақтан қашады. Мұны қазіргі технология дамыған заманда операция құралдарынан анық көруге болады-мыс. Бірақ, ең өкініштісі, осыған қарамастан жасанды түсіктен бас тартпайтындардың қатары азаймай отыр. Оның үстіне әйелдердің өз еркімен түсік жасатуына ерік беріліп қойған. Бірақ мамандар мұның соңы түрлі асқынуларға апарып соғатынын жасырмайды. Тіпті түсік жасатқан қыздар екінші рет жүкті болу мүмкіншілігінен 20%-ға айырылатынын, құрсақ көтерген күннің өзінде кемтар сәбиді өмірге әкелу қаупі жоғары екенін айтады. Ең сорақысы, кей түсіктен кейін қан кеткенде дәрігерлер әйел жатырын алып тастауға мәжбүр болады. Сондай-ақ, түсік тастаудың ең қауіптісі — мерзімінен асып кеткен жағдайда жасалатын түсік. Яғни, бұл мерзім шамамен 14-15 аптадан аспауы керек. Сондай-ақ еліміздегі жасөспірім қыздардың түсік тастауы да шетелдермен салыстырғанда жоғары. Мәліметтерге сенсек, Қазақстанда жылына 20 мың жасөспірім ана атанады, яғни өмірге сәби әкелген 10 әйелдің біреуі - жасөспірім. Ресми деректерге сүйенсек, жүкті болған олардың тең жартысы түсік жасатады екен. Салыстыру үшін айтайық, Оңтүстікте биыл 65 мың бала дүние есігін ашса, соның 700-ін кәмелет жасқа толмаған қыздар босанған. Ал олардың құрсағындағы нәрестелердің қаншасына жарық дүниені жалпағынан басу бағы бұйырары, өкінішке қарай, белгісіз...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter