Несиесі кешірілетін тұлғалар ішінде көпбалалы отбасылар жоқ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Несиесі кешірілетін тұлғалар ішінде көпбалалы отбасылар жоқ

  • Жан КЕНЖЕ

Елімізде кей санаттағы халықтың несиесін кешіру мәселесі қарастырылып жатыр. Парламент Мәжілісі коллекторға тәуелді болмайтын тұлғалар қатарын талқылауда. Олар коллекторлық туралы заңға осындай өзгерістер енгізбек.

Мәжіліске ұсынылған жаңалықта мынадай тұлғалар несиесін қайтара алмаған жағдайда, кешірілуге жатады:

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері,

– 1 және 2-топтағы мүгедектер,

– кәмелет жасына толмағандар,

– ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер,

– жасы келіп, зейнетке шыққандар,

– сот шешімімен қабілетсіз деп танылғандар,

– жүйке аурулары және наркологиялық диспансерде есепте тіркелгендер,

– туберкулез диспансерінде емделушілер,

– кәсіби науқастармен ауыратындар немесе қызметтік міндеттерін өтеп жүргенде болған оқыс оқиға нәтижесінде жарақат алғандар немесе үкімет бекіткен тізімдегі созылмалы аурулармен ауыратындар,

– абақтыда отырғандар,

– экологиялық апат, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше оқиғалар кезінде баспанасынан айырылып қалғандар,

– мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, космостық кеңістікке дайындық, адам өмірін сақтап қалу, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқандардың отбасылары.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков бұл ұсынысын былай түсіндірді:

«Біз осы тізімде келтірілген азаматтар туралы ұсынысты мұқият қарап шықтық. Яғни, банк несие берген кезде олардың осындай ахуалын ескермеген немесе олар несие алғаннан кейін сондай жағдайға ұшыраған. Сондықтан, осы санаттардағы азаматтардың несиесін кешіру дұрыс сияқты, себебі олардан ақша өндіріп алу мүмкіндігі өте төмен. Коллектордың міндеті – қарызды қайта құрылымдау, ақша өндіру екенін ескерсек, демек бұл тұлғалар коллектордың жұмыс объектісі болмауы керек».

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының депутаты Тұрғын Сыздықовтың айтуынша, бұл ұсыныс өте қызық. «Бірақ, меніңше, дәл осылай істеу міндетті емес. Біздің фракцияның көтеріп жүрген мәселесі де осы – коллектордың медиаторлық функцияларын күшейту арқылы бұл міндетті соларға қалдыру» дейді мәжілісмен.

Ал, депутат Зағипа Балиева «енді ондай азаматтарға банктер кредит бермей қоймас па екен» деген алаңдаушылығын білдірді.

Мәжілісте сол күні аталған тізімге кәмелетке толмаған балалары бар тұлғаларды (көпбалалы отбасылар) қосу жайы қызу талқыланды.

«Мен оған келісе алмаймын. Балаларды өмірдің қиын жағдайларына жатқызуға болмайды, ол – көбінде бақыт. Оны адам өз қалауымен өмірге әкелді, ал, тағдыр тауқыметімен қиындыққа ұшырағандарды олармен салыстыруға болмас» деді бұған қатысты О. Смоляков. З.Балиеваның пікірі мынадай:

«Бері қараңыз, біз былай келісейікші. Мен кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды несиесі кешірілетіндер тізіміне қосуды, олардың ісінің коллекторлық ұйымдарға берілмеуін қолдаймын. Әрине, бала – ол бақыт, алайда сол бақытты қорлайтындар жетерлік. Оның ішінде коллекторлар да бар. Сондықтан, ондай отбасыларды коллекторға берудің қажеті жоқ».

Тағы бір халық қалаулысы Гүлжан Қарақұсова қарызды кешуді бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады.

«Біз заңға бағынатын адамдарды көп ойлай бермейміз, себебі біз солардың салығының есебінен, мәселен, ипотекаларды кешіреміз. Біз банктерге Ұлттық қордың есебінен көмектесеміз. Ал бұл қаражаттың барлығы біздікі ғой! Бюджет есебінен көмектессек - ол да біздің қаражат. Ал барлығын кешіре салдық делік, сонда не болады? Кімнің есебінен? Сонда шығатыны біреулер төлемейді, ал біреулер төлейді. Осыдан кейін адамдар «мен не үшін төлеуім керек, мен де солай жүре берейін, менің қарызымды да кешіре салады» деуі мүмкін ғой. Бұл мәселе асқан ыждаһаттылықты, сақтықты талап етеді», - деді депутат. Бұл өзгерістер әлі де ұзақ уақыт талқыға түсетін сияқты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Архимедті Архимед қылған кім?

Ол Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғанда 40 жасқа да толмаған-тын. Аты-жөні де республикаға анау айтқандай мәшһүр емес, ары барса, бір өңірдің жұртшылығы ғана біледі. Сірә, содан да болар, Мемл...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Ипотека арқылы үй алудың машақаты аз емес

Жуырда ғана LSM.kz сайты жүргізген зерттеу нәтижесіне көз салсақ, әр банктың ипотека беру шарттары әртүрлі. Мысалы, «Сбербанк Қазақстан» басқарма директоры Мақсат Нұриденұлының айтуынша, бұл банктен А...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Қай облыс несімен мақтанады?

Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Соған орай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы да әрқилы дамыған. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба ба...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Ақбура әулие

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен б...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter