Блогерлердің дені сарай бұлбұлына айналып кеткен
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Блогерлердің дені сарай бұлбұлына айналып кеткен

Блогерлердің дені сарай бұлбұлына айналып кеткен

Қателеспесек, биліктің әлеуметтік желілерге деген «махаббаты» осыдан 6-7 жыл бұрын оянды. Сол кезде жаппай планшеттену науқаны жүріп, кейбір депутаттардың «Твиттерден» өз аккаунтын, Үкімет мүшелерінің министрлік сайттарынан жеке блогтарын ашуы сәнге айналған еді. Тіпті экс-премьер Кәрім Мәсімовтің де «Twitter» мен «Facebookта» жеке парақшасы болды. Мұндай қадамға барар ма еді, бармас па еді, әлеуметтік желілеріңіз қоғамдық санаға ықпал етудің қуатты құралына айналып бара жатқан-тын.

Жастарды былай қойғанда, қазір шенеуніктердің өзі әлеуметтік желілерге байланған заман. Оған көз жеткізу қиын емес, кез келген әлеуметтік желіге кіріңіз де, белгілі бір мемлекеттік органның атауын жазып, іздей қойыңыз, «атып» шығады. Тіпті лауазымды тұлғалардың біразының жеке аккаунттары бар. Кейде «Осы шенділер виртуалды әлемде өмір сүре ме?» деген де ой қылаң береді. Өйткені қашан қарасаң да, түрлі ақпараттармен бөлісіп, пост жазып немесе біреулердің постына пікір білдіріп отырады. Сонда жұмысты кім істейді? Әлде әлеуметтік желіні «аңдығаннан» басқа тірлік қалмады ма атқамінерлерге? Мысалы, кейбір облыс әкімдіктері өңірдің танымалдылығын арттыру үшін белгілі бір хэштегтің төңірегінде байқаулар ұйымдастыра бастағанын байқадық. Жүлде қоры да әжептәуір. Оны бірнеше номинацияларға жіктеп тастағанын қайтерсіз. Қойылатын талап біреу-ақ: аймақ жөнінде майын тамызып, әдемі мини-мақалалар, дұрысырағы, посттар жазсаңыз жетіп жатыр. Осылайша сіз облыстың имиджін көтеруге атсалысқан болып саналасыз. Жеңімпаздарды анықтау әдісі де күрделі емес, кімнің постына «нравится» көп басылып, мол дауыс жинаса, соның асығы алшы түсті дей беріңіз.

Бір қызығы, ондай байқаусымақтарда кімнің ұтып шығатынын да жұртшылық күні бұрын болжап, сезіп отыратын болған. Көбіне-көп «байбалам салғыш», «ойбайлағыш» блогерлер (журналист емес) «лауреат» атанады. Ондайлармен әдетте билік өкілдері жақсы қарым-қатынас орнатып, тіпті «дос» болуға тырысатыны бар. Бір қарасаңыз, әлгі блогеріңіз «сарай бұлбұлы» болып сайрап жүреді...

«2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғадан кейін билік өзінің сызат түскен абыройын қалыпқа келтіру үшін блогерлерді пайдалануға әрекет жасады, – дейді танымал саясаттанушы Досым Сәтбаев. – Бірақ бәрі керісінше шықты, өйткені әлеуметтік желілердің өзінде «Блогерлер өз пікірлері үшін баға бекіткені дұрыс па?» деген пікірталас өрбіді. «Қолдан жем жеудің» нәтижесінде өзінің емес, ақысын төлеген тараптың ұстанымдарын білдірген блогерде бұдан кейін не бедел қалады?!».

Тіпті мемлекеттік хатшы боп тұрғанында Марат Тәжиннің аузынан мемлекетпен серіктес бола алатын әлдебір блогерлер тізімін жасау хақында да ұсыныстар айтылған-ды. «Тұрақты түрде қоғамдық-саяси өнім жасаумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, сонымен қатар Қазақстанға және шетелге мәшһүр, аудитория алдында үлкен беделге ие сарапшылардың, блогерлердің, әлеуметтік желілер модераторларының бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру қажет» деген-ді ол. Мұханбетқазының ұлы Ресейге елші болып кеткелі екі жарым жылдан асты, одан бері ешкім мұндай реңктегі мәлімдемелер жасай қойған жоқ, әйткенмен «қолбала» блогерлер буынын өсіріп, тәрбиелеу ісі әлдеқашан жолға қойылғандай әсер қалдырады. Ол аздай «сетевой тролльдердің» де қанаты қатайып келеді.

Айтпақшы, блогерлерді «күтіп-баптауға» тым қатты көңіл бөліп кеткендіктің салдары ма, кейбір аймақтар мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде қаралатын қаражатты газет-журналдар мен телеарналарға үлестіріп беруді де есінен шығарып алған ұқсайды. Мәселен, биыл бірқатар облыстардағы мемлекеттік БАҚ-тардың өзі тендерді жылдың ортасында алып жатты...

Әйтсе де ештеңе мәңгі емес қой. Қазақстандағы билік пен әлеуметтік желілер арасындағы тонның ішкі бауындай байланыс енді ұзамайтын сияқты. Себебі, «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, соңғы уақытта «әлеуметтік желілердің елдегі қоғамдық-саяси ахуалдардың ушығуына әсері бар. Оларды үнемі қырағы назарда ұстап, сүзгіден өткізіп, «блокировать» етіп отыру керек» деген іспетті сөздер жиі айтыла бастады. Жер реформасына қатысты наразылықтардан кейін Дәурен Абаев басқаратын Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің де құрылуы бекер емес. Оған іле-шала Ақтөбе мен Алматыдағы терактілер қосылды...

Иә, дәстүрлі БАҚ-тан ерекшелігі сол – ғаламтор «общение, сообщение» жасауда зор әлеуетке ие, билік пен халық арасында тікелей екіжақты байланыс орнатуға болады. Алайда «Уақыт өте келе ол мемлекет пен демократияны түбегейлі өзгертетіні сонша – нәтижесінде әлемдік масштабта демократияландырудың жаңа толқыны пайда болады» деген болжам да бар. Ал ол демократияның жаңа түрі біздің билікке керек пе? Ақыры «хаосқа» әкеп соқтырса, не істейсіз? Әлеуметтік желілермен шектен тыс әуестенудің аяғы жаман болып жүрмесін, әйтеуір, құрметті шенеуніктер!

Әділ АЙТАР

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін...

Korrespondent.kz Саясат

Қоғамдық тыңдау қарапайым халықтың қытығына тию үшін керек пе?

Бізде бір түсінбейтін жағдай бар. «Халықтың пікірі ескерусіз қалмасын, қандай жағдайда да мәселенің түйінін ел айтады» дейміз. Алайда айтқан сөзіміз бен іс-әрекетіміз бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Ел...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Донжуан келе жатыр...

Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес...

Korrespondent.kz Қоғам

Шураулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Күз – молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуі осы тұста айқындалады. Жеміс-жидек жетіліп, еккен өнімге орақ түсетін осы тұста шаруалардың шөже санайтыны бар. Сол айтқандай, биылғы күзде түркіста...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter