Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...
ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әкімінің бір «замы» да бар екен. Қызметімізге кейбір ұқсастықтарымыз кесірін тигізуі мүмкін деді ме, әйтеуір тойған қозыдай томпиып отырған замәкімге «таяуда бір жаққа кеткенің дұрыс-ау» дейтін әңгіме айтылыпты-мыс.