Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әкімінің бір «замы» да бар екен. Қызметімізге кейбір ұқсастықтарымыз кесірін тигізуі мүмкін деді ме, әйтеуір тойған қозыдай томпиып отырған замәкімге «таяуда бір жаққа кеткенің дұрыс-ау» дейтін әңгіме айтылыпты-мыс.

Мұны естіген замәкім «мені алысқа жібермей, Шымкенттің әкімі ете салыңызшы» деп, өтінген көрінеді. Жалпы, жаңа әкім келгелі «Шымкенттің мэрі келген жағына кетеді» екен дейтін әңгіме шыға бастаған. Тіпті облыс әкімдігінде жоғары қызметте отырған жауырыншылар «Әбдірахымов қазанның 15-30 аралығында әкімдікті босатып береді» деп, пал ашып та үлгеріпті. Соған қарағанда тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталып кеткен сияқты. Кім біледі, кеткісі келмеген адамды кетіргілері келіп те жүрген шығар. Билікте жүргендердің неше түрлі интригаға баратыны үйреншікті болып кеткен заман емес пе?! Әйткенмен, Әбдірахымов жерде қалмасы анық. Не бір облыстың әкімі, не бір министрліктің тізгінін қолына алып жатса, ешкім таң қалмас...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter