Тұрғындардан тыныштық кетті
Шымкенттік кәсіпкердің пышақталған он бір жасар қызы есін жиды. Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша науқас есін жиғанымен жағдайы ауыр. Еске салсақ, 2015 жылдың 23 қазан күні «Самал» шағынауданында тұратын кәсіпкердің үйіне қарақшы түсіп, үйдегі үш әйелді пышақтап тастаған-ды. Оқиға күндізгі 10.30-дар шамасында, отағасының жұмысқа шығып кеткен кезінде орын алған.