«Оңай» жойылмайды
Алматыда қолданысқа енгеніне көп уақыт өте қоймаған қоғамдық автобустарда жолақыны электронды төлеуге арналған «Оңай» жүйесі төңірегінде шу шыға берген соң бұл мәселеге қала әкімі нүкте қоятынын жеткізіп, уәде берген еді. Шаһар басшысы Бауыржан Байбектің «Оңайға» өзгеріс енгіземіз деген уәдесін жергілікті депутаттар да қолдай кетті. Бірақ, «оңай» мүлдем жойылмайды. Тек белгілі бір топқа жататындарға жеңілдіктер қарастырылады.