ОҚО-лық шенеунік шегірткеден диқандарға келер қауіп жоқ деп сендіргісі келді
Оңтүстік Қазақстан облысында саяқ шегірткесіне қарсы жұмыстар 26,7 мың га жерге жүргізіліп, бүгінде жұмыстар толығымен аяқталды. Үйірсіз саяқ шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінде бұл шегіртке түрінен шаруаларға келер қәуіп жоқ,-деп мәлімдеді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Тұрбеков Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.