Шымкентте байлар тұратын тұрғын үйде атыс болды
Шымкент орталығында атыс болды. Бұл оқиға шаңқай түсте, күндізгі сағат үштер шамасында орын алған, деп хабарлайды Отырар арнасы.
Белгілі болғандай, оқ Ғ.Іляев көшесі бойындағы «Яссауи» тұрғын үй кешенінің 11-ші қабатынан атылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 11-ші қабатта ер адам тұрады. Оның тәртібі күмән туғызады екен. Атыстан соң пәтер терезелері сынған. Полицейлер орта жастағы ер адамның оқ атқанын анықтады. Оның екі тапаншасы мен тегіс ұңғылды қаруы тәркіленді. Айта кетейік, аталған тұрғын үйде Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, қазіргі Үкімет басшысының орынбасары Асқар Мырзахметов аймаққа басшы болған кезінде тұрған.
- шымкент
- атыс
- стрельба
- перестрелка в Шымкенте
- Корреспондент
- қызық ақпарат