ОҚО әкімі тау шатқалында жастармен галстуксыз кездесті (фото)
Оңтүстік Қазақстанда болашақ мемлекеттік қызметкерлерге бұл жұмыстың мән-жайын түсіндіру шаралары табиғат аясында өте бастады. Аймақтағы Төле би ауданы, Біркөлік шатқалындағы «Бастау» демалыс аймағында үш күндік «Жастар Отанға» саяси лагері өтуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мұнда жоғары оқу орнының түлектері мен жас мамандарға және әкімшілік лауазымға үміткер азаматтарға мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді.
Семинар барысында өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бейресми жағдайда болашақ мемлекеттік қызметкерлерімен кездесті. Жастармен әңгіме барысында облыс әкімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру процесі жүріп жатқанын, оған білімді, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажет екенін атап өтті.
Іс-шара шеңберінде жастар арасында көшбасшылық дағдыларын дамыту, дербес және кәсіби өсу үшін жағдай жасап қоғамда табысты іске асыру бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, саяси лагерьде жастарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында түсірілген «Hello ауыл» бейне туынды ұсынылып, қатысушы жастар арасында спорттық ойындар мен мәдени іс-шараларда өткізілмек.
- Аким ЮКО
- ОҚО әкімі
- Бецбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- галстуксыз кездесу
- бейресми кездесу
- Корреспондент
- қызық ақпарат