ОҚО-да көлік тізгіндеген полицей жол ережесін бұзып, үш адам қаза тапты
Оңтүстік Қазақстанда ірі жол көлік апатынан үш адам қаза тауып, екі түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Көлік апаты Шардара-Абай тас жолында орын алған, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына жеткен полицейлердің анықтағанындай, сағат 13.30 шамасында «Тойота-Камри» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, 1987 жылғы Сарыағаш ауданы тұрғынының басқаруындағы «Дэу-Нексия» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде алған ауыр жарақаттарынан «Дэу-Нексия» автокөлігің үш жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Олар 28 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны және жеке тұлғасы анықталмаған екі ер азамат.
Шардара АІІБ-нің учаскелік инспекторы болып қызмет атқаратын «Тойота»-ның жүргізушісі және 29 жастағы «Дэу-Нексия» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Шардара аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған жайт Шардара АІІБ СДТТБ тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда полицейлер жол көлік оқиғасының орын алу барысын анықтауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ОҚО
- ОҚО ІІД
- ЮКО
- ДВД ЮКО
- Полиция
- ПОЛИЦЕЙ
- авария
- ДТП
- ЖКО
- көлік апаты
- Корреспондент
- қызық ақпарат