Үкімет басшысы допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды
Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің бүгінгі отырысында допинг дауына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.
"Мен Мәдниет және спорт министрлігіне, сондай-ақ ұлттық Олимпиада комитетіне нақты тапсырма беремін. Біздің спортшылар осы сынақтан өтуі үшін барын салу қажет. Бәлкім, жеке меншік демеушілерді тартып, сапалы зертхана құру қажет. Біздің спортшыларымыз ол тесттен жарысқа дейін өтсе, ешқандай күдіктер болмайды. Спортшылар да сенімді болады. Әлем өзгеріп жатыр. Мен өзім Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Бах мырзамен талай рет кездескенмін. Ол допингпен күрес мәселесі жайында ылғи айтып отыратын. Сондықтан комитетпен бірлесіп жұмыс істеп, осы мәселені тез арада шешу керек",- деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Айта кетейік, жақында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2 дүркін Олимпиада және 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова менМайя Манезаны рұқсат етілмеген препарат қолданды деп айыптады. Бұл жағдайдан кейін Ильин мен Подобедова өз мәлімдемелерін жасап үлгерді.
- Рио
- Олимпиада
- спорт
- Ильин
- Подобедова
- Чиншанло
- Манеза