Илья Ильин қайталама тексеруден соң да допинг қолданған болып шықты
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамаларды қайталама сараптамасының нәтижесін жариялады. Бұл туралы Қазақпарат жазды.
Кері нәтиже көрсеткен талдаулар:
Арменияның Ауыр атлетикадан әйелдер құрамасының мүшесі, Еуропа чемпионы Рипсиме Хуршудян. Оның талдауынан станозолол (S1.1) табылғаны расталды.
Молдова зілтеміршісі Александр Дудогло - станозолол (S1.1).
Екі ресейлік спортшы: Надежда Евстюхина - дегидрохлорметил-тестостерон метаболиттары (S1.1 анаболикалық агенттер) және Марина Шаинова - станозол мен дегидрохлорметил-тестостерон .
Нуркан Тайлан (Түркия) - станозолол (S1.1).
Интигам Заиров (Әзербайжан) - дегидрохлорметил-тестостерон (S1.1) - Бұған дейінгі IWF шешімі бойынша 2023 жылдың 21 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген.
Илья Ильин (Қазақстан) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер) - уақытша спорттан шеттетілген.
IWF-тің қағидаттары мен ережелеріне сәйкес спортшылардың істері жабылғанша олардың допингке қарсы тәртіпті бұзғаны үшін уақытша шеттетіледі.
ХОК шешімінен соң IWF осы нәтижелерді басқаруды өз қолына алады.
- Илья Ильин
- Рио Олимпиадасы
- Лондон Олимпиадасы
- Бейжің Олимпиадасы
- Корреспондент
- қызық ақпарат