Шымкенттегі қазақ драма театрдың директоры сахна төрінде көпшіліктің күлкісіне айналды
Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа басшысы Сәбит Мандипов көрермендердің ашуын тудырып, тіпті мазағына айналды. Бұл оқиға театрдың 82-ші маусымының жабылуына арналған «БАС» қойылымында орын алған.
Сахна төріне шыққан директор өз сөзінен жаңылысамын деді ме, әлде қатты қобалжыды ма, әйтеуір бір парақ қағаздағы баяндамасын ежелеп оқып, көрермендердің шамына тиді. Бұдан соң жаңа директордың бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары күлкіге айналдырды.
Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек «Мандипов Сəбит Құрманғалиұлы жақында Жұмат Шанин театрына конкурс арқылы басшы болып тағайындалыпты. Ұлтымның тілін білмеген басшы қазақ мәдениетін, өнерін салт-дәстүрін халыққа қалай жеткізеді?
Бұл кісіге ешқандай қастығым жоқ, бірақ ел алдына шығарда бір-екі ауыз сөзді жаттап немесе он қайталап оқып, дайындалып шықса болар еді ғой. Қолындағы параққа жазылған сөздерді ежелеп əрең оқып берді. Барлық журналистер, көрермендер куə» деп жазды өз парақшасында. Сонымен қатар желі қолданушысы қасында отырған тағы бір көрерменнің "бұл не деген масқара, бірінші сынып оқушысы бұдан жақсы оқиды ғой " дегенін де сөз еткен.
Сəбит мырза, Оңтүстікте қалғыңыз келсе, қазақ тілін жақсылап үйренгеніңіз дұрыс шығар. Келесі де халық алдына шығарда жақсылап дайындалып шығыңыз, халық сізге қорадағы "мал" емес!» деп ашуланды блогер.
Тағы бір желі қолданушысы, жас журналист Таңшолпан Арманқызы да бұл жағдайдан теріс айналып кете алмады.
«Күтпеген жайт! Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа басшысы қазақ тілде мəтін оқимын деп əбдеен қиналды-ау! Бұл əрекетімен көрермендердің ызасы мен күлкісін қатар келтірді. Кімде болса, киелі сахна төріне, халық алдына шығарда дайындалуы қажет. Мұның өзі үлкен жауапкершілік. Сəбит мырза сияқты қағаздан бас алмай, үтір, нүктеге тоқтамай берілген мәтінді бір деммен оқи салмай. Ұят қой! Қазақ болып, қазақ драма театрын басқара тұрып, ана тілін жетік меңгере алмаған. Сөздік қоры тым аз болса, 1-2 ауыз сөзбен ойын қысқа қайырса ешкім өкпелемес те еді! Қысқасы, жаңа директор 83-ші маусымға дейін ана тілін меңгереді деп сенемін» деді журналист.
Желіде қара шаңырақтың билік тізгінін ұстаған бұл басшының әрекеті көпшіліктің ашуын тудырғанымен, оның жақтастары да табылды.
Бибігүл есімді желі қолданушысы «Мен театрда жумыс жасаймын. Көрерменге рөл ойнайтын Сәбит мырза емес, әртістер. Әртістерге жауап беретін режиссер. Директор финанс сияқты басқа да мәселелерге жауап береді... Бастысы әртістердің жағдайын жасаса болды бізге» деп жазған ол «Тосыннан болған болуы да мүмкин. Әлі-ақ қазақша сайратып аламыз! Басқа жаққа кетіп қалмаса болды!» деп жаңа басшысын қызметінен ұшып кете ме деп алаңдаушылық білдірген секілді.
Айта кетейік, Сәбит Құрманғалиұлы 1957 жылы туылған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының түлегі. Еңбек жолын 1982 жылы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінде әртіс-аспапшы болып бастаған.
п, 1985 жылдан 2013 жылдар аралығында мәдениет саласының түрлі салалары мен мемлекеттік қызметтерде жауапты қызметтер атқарған.
2013 жылдан осы уақытқа дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының мәдени-тәрбие ісі жөніндегі кеңесшісі, оқу орнының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келді.
- ЖШанин театры
- театр имени ЖШанина
- қазақ драма театр
- Сабит Мандипов
- Сәбит Мандипов
- Сәбит Құрманғалиұлы
- Корреспондент
- қызық ақпарат