Ебру – ерекше өнер
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ебру – ерекше өнер

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Әлемде өнердің 80-нен астам түрі болса, ебру – кей деректерде ежелгі түріктерден, ал кей мәліметтерде Қытайдан бастау алған су бетіне қоспа арқылы сурет түсіру өнері. Алдымен суда түрлі-түсті бояу арқылы сурет салып, оны қағазға түсіретін ебрудың да өзіндік ерекшелігі бар. Суда бояудың тарап кетпеуі үшін оған арнайы өсімдік суы қосылады.

2014 жылы ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне енген ебру жөнінде Оңтүстіктен үйірмелер іздеп таба алмадық. Мүмкін бар да шығар... Ал осыдан бір жыл бұрын оны Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркиядан келген ұстаздар үйрететін. Қазіргі таңда ол да жабылып қалған көрінеді. Осы үйірмеге қатысқан Мадина Әбдіқадырдың айтуынша, су бетіне майлы боямен сурет салу үшін теңіз суы пайдаланылады. Ол бірнеше сағаттан соң бояудың су бетінде қалқып тұруына көмектеседі екен. Қылқаламмен бояуды шашып алған соң, ары қарай жұмыс жасау үшін біз қолданылады. «Ебру маған алғаш көргеннен-ақ ерекше өнер боп көрінді»,-дейді Мадина. Су және алуан түрлі бояулар арқылы жасалатын дүниеге бірден қызыққан. Қиын әрі оңай, түсініксіз, әрі қызық болып көрінуімен ұнапты. «Әрбір жасалатын сурет көз алдыңда әдемі құбылысқа айналады. Студент кезімде құрбыммен бірге Ебрудың курсына қатысқанбыз. Жетекшіміздің есімі де Эбру болатын. Әлі есімде, оны матаға да, қағазға да түсіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, ебру ішкі дүниеңдегі көріністі парақ бетінде баяндайды, ол бір мозаикалық әлем сияқты. Мұндай өнер түрі бізге қажет деп ойлаймын. Қазір ол курс жұмыс істеп жатқан жоқ екен, болмаса әлі де бос уақытымда қатысар едім»,-дейді ол. 

Ал аталмыш оқу орнының «Бейнелеу өнері» кафедрасының студенті Мерей Кеңесбай да осы өнер түріне қызығушылардың бірі. «Жақында кітапханада Түркиядан келген ағай су бетіне сурет салғызып жатыр екен. Қызық көріп, байқап көрдім. Қарап тұрғанда оңай көрінеді, бірақ оның да өз қиындығы бар. Мысалы, бояу-ды шашыратқан кезде ол әркімнің қимылына қарай әрқалай түседі. Дәлдікті талап етеді екен. Құммен сурет салуға да қатты қызығамын. Бірақ, өкінішке орай, мұндай үйірмелерді таппадым»,-дейді. 

Елімізде соңғы жылдары Асхат Ахмедияров есімді азамат жалаңаяқ сурет салу сынды бейнелеудің ерекше түрін қолданысқа енгізді. Тіпті ол осылай жеке көрмесін өткізетін дәрежеге жеткен. Оның бұлай жұмыс жасауына сабан мен лайды араластырып аяқпен таптап, онымен үйді сылайтын бала күнгі әрекетіне деген сағынышы әсер етіпті. Оның картиналарының бағыты да әртүрлі. Оның бірі салт-дәстүрден алшақтап кеткен қоғамды көрсетсе, енді бірінде ұрпақтар арасындағы бауырмалдықтың азайғанын суреттеген. Осылай сурет арқылы қоғамдағы өзекті проблемаларды көтере білген суретшінің туындылары таңдай қақтырмай қоймайды. Ал аяқпен сурет салудың басты ерекшелігі – бояуды шашып, еркін қолдануында болса керек. Сондай-ақ, қазірдің өзінде көпке таңсық өшіргішпен, жіппен, тұзбен сурет салу сынды бейнелеудің қызықты түрлері де бар. Олай болса, «жақсыны көрмекке» дегендей, өнер мен білімді игеруге келгенде аянбаған абзал-ақ. Ал осылардың барлығы қазірдің өзінде ұстаздықпен астасып жатқан кәсіпке айналып келе жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter