Ебру – ерекше өнер
Әлемде өнердің 80-нен астам түрі болса, ебру – кей деректерде ежелгі түріктерден, ал кей мәліметтерде Қытайдан бастау алған су бетіне қоспа арқылы сурет түсіру өнері. Алдымен суда түрлі-түсті бояу арқылы сурет салып, оны қағазға түсіретін ебрудың да өзіндік ерекшелігі бар. Суда бояудың тарап кетпеуі үшін оған арнайы өсімдік суы қосылады.