Отандық бояуға сұраныс мол
Қызылордадан бояу шығады. Жергілікті кәсіпкер «Ақ отау» маркасымен акрил бояуын шығаруды қолға алған. Қазіргі таңда 7, 15 және 25 келілік полиэтилен қаптамадағы эмульсиялық бояуларға жергілікті жерде сұраныс артып келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.