Экономика
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Экономика

Негізгі асыраушымыз – уран

Қазақстан әлемдегі ядролық материалдар қауіпсіздігінің индексінде 15-ші болып тұр. Соның арқасында Қазақстан бүгінде уран өндіруде алғашқы орынға жайғасқан көшбасшы мемлекетке айналды. Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстан Канада, Аустралия, Ресей сияқты алпауыт елдерді артқа тастап, табиғи уранның нағыз отаны екенін дәлелдеумен келеді.

Сапасыз жолдар сыр бере бастады

Ғасыр жобасы саналатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі біздің ел аумағынан өтетіні белгілі. Осыдан алты жыл бұрын қолға алынған үлкен жоба бүгінде толық бітуге тиіс еді. Бірақ «ауы бітсе, бауы бар» дегендей, басқа облыстарды қайдам, біздің Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі жолдың біраз бөлігі ашылмай жатып, қайта жөнделіп жатыр. Осыдан бір ай бұрын Шымкенттен Түркістанға баратындар жаңа жолдың ашылуына байланысты екі аралықты бар болғаны бір сағатта басып өтетін еді. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты жолдың біраз бөлігін қарсы бағыттағы жолмен жүріп өтуге мәжбүр.

Қуандықтың құн салығына сонша қадалғаны несі?

Онсыз да күнін әзер көріп отырған шағын және орта бизнестің басына қара бұлт үйірілетін түрі бар. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қосымша құн салығын (ҚҚС) қалдырғанымен қоймай, оны төлеуді шағын бизнеске де міндеттеуді ұсынып отыр. Қазынаны толтырудың бұл амалы шағын кәсіпкердің қалтасын қағып қана қоймай, жабылып тынуына әкелмес пе екен?!

Еліміздегі алпауыт жер иелері кімдер?

Жаздағы жер туралы дау-дамайдан кейін-ақ елдің көкейінде «жер үшін таласып-тартысып жатырмыз-ау, алайда оның бәрі бөлініп беріліп қойған, бәрінің де иесі бар ғой» деген ой қылаң бергені рас. Тіпті, Мәжіліс депутаты Сергей Кулагин меншігінде 80 мың гектар жері бар екенін айтқанда, қайран қалмаған жан қалмады. Сол кезде «латифундист» деген терминмен алғаш таныстық. Еліміздегі алпауыт байлар жерді сатып та, жалға да алады екен. Біразы сол жерді игеріп, қызығын көріп отыр. Ал кейбіреуі жай «латифундистер» ғана, олар жер еміп, игілігін көріп жарытып жатқан жоқ. Сонымен, қасиетті жеріміздің «шын» иелері кімдер?

Шараулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Шараулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Күз – молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуі осы тұста айқындалады. Жеміс-жидек жетіліп, еккен өнімге орақ түсетін осы тұста шаруалардың шөже санайтыны бар. Сол айтқандай, биылғы күзде түркістандықтар шөже емес, бірден тауық санауға кірісті. Қала күні мен алтын күзді бірге атап өткен түркістандықтар безендірілген сахна алдындағы сауықтан бұрын тауық санап, одан өнетін жұмыртқа жайлы жылы хабар жеткізді.

Қай облыс несімен мақтанады?

Қай облыс несімен мақтанады?

Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Соған орай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы да әрқилы дамыған. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстан — дүние жүзілік өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет.

Мақташыларға оңай болмай тұр...

Мақташыларға оңай болмай тұр...

Биыл қыс қабағын ертерек шытты. Былайғы уақытта қарашаның аяғына дейін жеңіл киініп, желпініп жүретін оңтүстіктің халқы қазан айының қақ ортасында екі рет қар жаудырып, бүрсең қақтырып қойған табиғат-анаға таң қалысты. Әсіресе, «әлі уақыт бар ғой» деп арқаны кеңге салып жүретін жайбасар жалқаулар үшін егіз қар, елеулі суық естен кетпейтіндей болды. Күздің келіп қалғанын мойындағысы келмей тұрған кербез шынарлар мен жасыл ағаштар кешегі қардан кейін біраз бұтағынан айырылды.

Бизнестің тамырына балта шапқан – тендер

Бизнестің тамырына балта шапқан – тендер

Отандық бизнестің дамуына кедергі жасайтын факторлар жетіп артылады. Соның ішінде мына бір кедергі жайлы көп айтыла бермейді. Ол – тендер. Әрине, бизнесті дамыту үшін ойлап табылған мемлекеттік тапсырыс деген құрал қазір керісінше, оның тамырына балта шабуда. Қалай дейсіз бе? Жауап беріп көрейік.

Ұялы байланыс операторларының табысы азайып барады

Ұялы байланыс операторларының табысы азайып барады

Жыл өткен сайын ұялы байланыс операторларының табысы барынша азайып келеді. Былтыр олардың қоржынына келіп түскен таза кіріс 657,1 млрд. теңге болды. Бір жылда байланыс қызметінің кірісі 13%-ға төмендеп, ғаламтордан түсіп отырған пайда 15%-ға артқан. Қайта IP-телефония, байланыс операторларының трафигі, техникалық қызмет, желінің жұмысын қамтамасыз ету сияқты салалардың табысы көбейіп жатыр. Бұл салалардағы өсім 34%-ды құрады.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter