ЭКСПО билеттерінің бағасы 4 мың теңгеден басталады
- Жан КЕНЖЕ
ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 2 қарашадан бастап сатылады. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.
Әзірге билеттерді Қазпоштаның 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), 1 желтоқсаннан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.
«Көрме өтетін 93 күн ішінде 85%-ын республика тұрғындары құрайтын 5 миллион адам қатысады деп жоспарлануда. Біз «Қазпоштаның» арқасында ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігін ұсына аламыз», – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
Клиенттер күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6000 теңгеге және демалыс күндеріне 8000 теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады. Бөлімшелердің толық тізімі «Қазпочта» АҚ ресми сайтында жазылған. Билеттерді сатып алынған орны бойынша қайтару қарастырылған.
Жоғалтып алған жағдайда, билетті tickets.expo2017astana.com сайтында құрылған жеке кабинеттен басып шығаруға болады. Клиенттің жеке пошталық мекенжайы болмаған жағдайда, бірыңғай e-mail Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. көрсетіледі.
- ЭКСПО2017
- билеттер
- баға
- қызық ақпарат