ОҚО-да 21 жастағы тұрғын бірнеше автокөлік ұрлап, күн көріп келген
ОҚО полицейлері полицейлер көлік ұрлығына күдікті ретінде Төлеби ауданының 21 жастағы тұрғынын құрықтады. Күдікті жергілікті тұрғындардың көліктерін ұрлау арқылы пайда тапқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу барысында 21 жастағы күдікті азаматтың бірнеше автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды. Жас азамат аулада, үй маңында көліктерінің есіктерін ашық қалдырып кеткен автокөлік иелерінің жауапсыздығын пайдаланып ұрлап отырған.
Сонымен, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні, сағат 22.00 шамасында Төлеби ауданы, Сұлтан-Рабат елдімекенінде мас халде болған күдікті 27 жастағы жергілікті тұрғын өзінің үйінің алдына есігін ашық, қозғалтқышы қосулы күйде қойған, бағасы 700 мың теңге тұратын «Опель-Астра» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Одан соң, жас жігіт біраз жүріп барып ұрланған көлікті жолда тастап, оқиға орнынан бойын тасалаған.
Тәртіп сақшылары күдіктінің Төлеби ауданында орын алған 5 автокөлік ұрлығына қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде тәркіленген автокөлік өз иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ОҚО
- ЮКО
- ДВД ЮКО
- ОҚО ІІД
- ОҚО полицейлері
- көлік ұрлығы
- ұрлық
- Корреспондент
- қызық ақпарат