Әнші Бүркіт құжаты жоқ ескі иномарка көлігін іздеп жатыр
«Бәрі жақсы болады» деп ән салып, талай хит туындылардың орындаушысы атанған Бүркіт көпшілікті таң қалдырды. Ол анау-мынау емес, жиырма алты жыл бұрынғы ескі көліктерге қызыға бастапты. Тіпті құжатсыз автомобильді сатып алуға дайын. Бұл туралы хабарландыруды өнер жұлдызы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жария етті.
«90-95 жылы шығарылған құжатсыз көліктерді сатып аламын. Шамамен 200,000 - 350,000 теңге көлеміндегі иномарка көлігі! Тек жүретін болуы керек. Нөмірлеріңізді осында қалдырыңыздар. Біз хабарласамыз...» деп жазды әнші. Бұл хабарландыру өнер иесінің виртуалды достарын таң қалдырған секілді. Бірі «құжатсыз көліктің сізге не қажеті бар?» деп жазса, келесісі өзінің ескі көлігіне әншінің жаңа автомобилін ауыстыруға дайын екенін жеткізген. Тіпті тағы бірі «басқа бизнес қалмады ма?» деп әншіні сөккен.
Айта кетейік, Бүркіт лақап атымен танылған әншінің азан шақырып қойған есімі – Айбек. Ол 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бүгінде жары Аиша екеуі екі перзентті тәрбиелеп отыр.