Атырауда бүлдіршін балабақшада баспалдақтан құлап, көз жұмды
Атырау облысында кішкентай ғана бүлдіршін балабақшада жүріп көз жұмды. Оқиға 20 маусым күні болған.
Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы балабақшасында үш жасар бүлдіршін балабақшаның екі қабатты ғимаратының ішкі баспалдағынан құлап, басынан ауыр жарақат алған. Бүлдіршін аудандық ауруханаға жеткізілді. Ақ халаттылар дереу науқасқа ота жасады. Өкіншке орай, бүлдіршін бұл жарақатты көтере алмай,көзжұмды. Бұл жайтқа қатысты «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстықіс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу мен тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
- Атырау
- оқыс оқиға
- балабақшадакөз жұмды
- Корреспондент
- қызық ақпарат