Қызметкерлерінің денсаулығына алаңдаған Шымкент әкімі жаппай фитнеске баруға кеңес берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қызметкерлерінің денсаулығына алаңдаған Шымкент әкімі жаппай фитнеске баруға кеңес берді

Шымкент қаласының әкімі мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, көпшілікті  әзіл–шыны аралас әңгімелерімен күлкіге қарық қылды.

 

«Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін өте маңызды институт. Бұл институт әрбір елдің Конституциясына сай жасалған. Мемлекеттік қызмет деген  – адамдарды басқару емес. Елдің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Сондықтан қаланың қоғамдық-саяси дамуына атсалысып, білім мен жігерді елдің қалыптасуына арнағандарыңыз үшін алғысымды білдіріп, мерекемен құттықтаймын. Халық алдындағы міндетімізді барынша жауапкершілікпен атқаруға шақырамын», – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. Мұнан соң шаһар басшысы  40-қа жуық маманға арнайы Алғыс хат табыстап, қаладағы үздік үштікке кіретін фитнес орталықтарының абонементін сатып алу үшін 30, 35, 50  жеңілдіктер сыйлады. 

«Қызметкерлерідң денсаулығы жақсы болсын деп кәсіпкерлермен сөйлестім. Қалада үш фитнес клуб бар, солардың бәрінен жеңілдік алдық...

Барлықтарыңыз спортпен айналысыңыздар. Басшыларға айта кететінім, ләжі болса кешкі жетіден кейін жұмыста ешкімді (қызметкерлеріңізді ) ұстамаңыздар» деп ағынан жарылды Әбдірахымов.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Гастарбайтерлердің кесірінен талай қазақ жұмыссыз қалды

Жұмыссыздықты жою бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі ретінде жиі айтылады. Елімізде екі қолға бір күрек таппай, жетім бұрышты жағалап жүргендер аз емес. Сөйте тұра, қолымызға бір-екі теңге түссе, жал...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Кезегің келгенше келмеске кетуің мүмкін

Баспанасы жоқтың бабы келіспей, үйі жоқтың күйі болмайтыны белгілі. Әр жерге көшіп-қонып жүрген адамның жағдайы айтпаса да түсінікті. Бар тапқанын пәтерақысына төлеп, өлместің күйін кешіп жүрген отбас...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Қазақстандықтардың ажалы қай аурудан?

Қазақстан халқының санын өсіре алмай отырсақ, қырсық қылғандай аурулар да біртіндеп жасарып барады. Халықты өлімге алып келетін факторлар көбейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаз...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Қыркүйек келсе - саудагерден ұят кетеді

Міне, жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Баланы мектепке дайындау барысындағы қарбалас басталып та кетті. Жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да баға біршама шарықтап шыға келді. Амалы құрыған ата-ана қолынд...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter