Ақтөбе тұрғыны Астанаға велосипедпен баратын болды (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбе тұрғыны Астанаға велосипедпен баратын болды (фото)

Фото: aktobegazeti.kz

Ақтөбе тұрғыны Ертарғын Мұқанбетқали велосипедпен Астанаға жолға шықпақшы. Бұған дейін ол Маңғыстау облысындағы киелі орындар —  Шопан ата қорымы мен Бекет ата кесенесіне велосипедпен барыпты. Өзінің айтуынша, мың жарым шақырым қашықтықтағы жерге велосипедпен он күнде жеткен. Бұл туралы жергілікті Ақтөбе басылымы жазды.

 

— Күніне 150 шақырымдай жүріп отырдым. Әуелі Шопан ата қорымына түнедім. Бекет ата кесенесіне жақындағанда тас соқпақ жолда велосипедпен жүру өте қиынға соқты. Содан велосипедіме мінбей, алып жүрдім. Киелі орындарға тағзым етіп, Құран бағыштадым. Өтірік болмасын, қайтар жолда велосипедпен тек 200 километрдей жер жүрдім. Әрі велосипедімнің доңғалағы да әлсіреді. Сосын көлікпен қайттым. Бұл — ұзақ жолға алғаш шығуым.  Өзім Ойылдың жігітімін. Дүзмағанбет Сәрсенбаев бастаған ойылдық құрдастарым менің бастамамды қолдап, көмектесті. Ендігі мақсатым — Астанаға велосипедпен барып, Елорданы көріп қайту, — дейді Ертарғын Мұқанбетқали.

Өзінің айтуынша, ол бір жылдары қатты сырқаттанып қалыпты. Содан бері велосипедті көлік үшін ғана емес, денсаулығын жақсарту үшін тебуді әдетке айналдырған. Қай кезден де салауатты өмір салтын ұстанады, көбірек жаяу жүргенді, жүгіргенді ұнатады. «Қазір жүгірсем, 15-20 шақырымға шаршамай жүгіремін» деп қояды өзі. Негізі шахмат ойнауды, велосипед тебуді бала кезде үйренген екен.

«Егер арнайы қызметкерлер қасыма еріп жүретін болса, құба-құп. Болмаса, алдағы аптада велосипедпен жолға шығып кеткім келіп отыр», — дейді велосипедші.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Елдегі шенеуніктер енді қымбат киім кие алмайтын болды

Елімізде шенеуніктердің сыртқы келбеті қатаң қадағаланбақ.  Жұмысқа қымбат киім киіп келген мемлекеттік қызметкерлер енді  жазаланатын болады. Ол үшін үшін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жан...

Korrespondent.kz Қоғам

Атырауда пара сұраған полицей шенінен айырылды

Атырауда ҚІІБ көші-қон полициясының аға лейтенантының басы бәлеге қалды. Оның үстінен №2 Атырау қалалық соты қылмыстық істі қарады, деп жазады жергілікті Ақ жайық басылымы.   ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter