Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы әйелдер
Оңтүстік Қазақстан облысында 15 ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралған 8730 азамат мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс істейді. Олардың 30 пайызын әйел азаматтары құрайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен шарада айтылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Түркістан» сарайында өткен мерекелік бағдарламаға қатысқан аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қатысып, әріптестерін мерекемен құттықтады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің қосқан үлесі зор. Қазір біз, кадрлық саясат бағытында тың өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Кадр таңдауда басты үш қағидатқа сүйенетін боламыз. Олар - отансүйгіштік, кәсібилік және адамгершілік. Осы үш қағидат бойынан табылатын үміткерлер «мемлекеттік қызметші» деген мәртебеге ие болып, қызметте жоғарылай алатын болады», - деді Атамқұлов.
Мерекелік шара барысында бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыстық мәслихат хатшысының, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының Алғыс хатымен және Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО Кәсіподақ комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісімен наградталды.
- ЮКО
- ОҚО
- Аким ЮКО
- ОҚО әкімі
- Бейбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- Корреспондент
- қызық ақпарат