Астанада жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің ағасы жаңа дерек айтып берді
Астанада түнгі клубтан шыққан кәсіпкер әйел азаматы әлі күнге дейін табылмай жатыр.
17 маусымда 33 жастағы тұрғын Балдырған Сыбанбаева сіңлісімен Астанадағы түнгі клубқа көңіл көтеруге барған. Тек кәсіпкер әйелдің сіңлісі ертерек үйіне кетіп, өзі көңіл көтеруді жалғастыра берген. Таңға жақын клубтан шығып, такси тоқтатады. Белгісіз көлікке мінген бизнесмен содан бері ұшты-күйлі жоғалған. 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласты. Ол туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын айтып, шағымданған. Бүгінде полицейлер көшедегі камераларды түгел тексеріп, Сыбанбаеваны іздестіріп жатыр.
Астанада жоғалып кеткен қыздың ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның ағасының айтуынша, қызды іздеп жатқан полицейлер бір адамды ұстады.
"Олар (полиция қызметкерлері) оны менің көзімше полицияға жеткізді. Оны ұстады, жедел қызметкерлер үйін тексеріп шықты. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған адамды да тергеп жатыр", - деді Балдырғанның ағасы Дәулет.
Алайда, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы іске байланысты адамның ұсталғаны туралы ақпаратты растамай отыр. Полицейлердің айтуынша, із-түссіз жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстарына ІІД жеке құрамы жұмылдырылды.
- адам ұрлығы
- Балдырған Сыбанбаева
- Балдырган Сыбанбаева
- Астана
- Корреспондент
- қызық ақпарат