Шымкентте банк карточкаларын пайдаланып, алаяқтық жасаған азаматқа іздеу жарияланды (фото)
Оңтүстікқазақстандық тұрғын банк карточкаларынан ақша алуға жәрдем беремін деген сылтаумен белгісіз ер азамат шоттарынан сеніп тапсырылған ақшаларын алып отырған. Шымкент қалалық полицей бөліміне облыстың он шақты тұрғынынан шағым келіп түсті. Құқық қорғау қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Нақтырақ айтқанда, 2016 жылдың 17 маусым күні құқық қорғау органына 37 жастағы Төлеби ауданының тұрғыны қаладағы банктың жанында оның жанына белгісіз азамат келіп, банкоматтан ақша шешуге көмектесуді ұсынғанын, сөйтіп жалған жолмен шотынан 160 мың теңгеден асатын ақшасын алғанын айтып, шағымданған. Бұл шағымға қатысты полицейлер ҚР ҚК 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс қозғады.
Жедел іздестіру шарасы негізінде Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері куәлерден жауап алып, банкоматта орнатылған бейнекамера арқылы күдіктінің жобасын анықтады. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың облыс орталығында орын алған 30 шақты алаяқтық әрекеттерге қатысы бар болуы мүмкін деп есептейді.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер күдікті жайында қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса, ОҚО ІІД криминалды полициясына «102» нөмері арқылы хабар беруін сұрайды.
Медиа
- шымкент
- ОҚОІІД
- ДВД ЮКО
- ЮКО
- банк карточкалары
- тонау
- алаяқтық
- Корреспондент
- қызық ақпарат