Тінікеевтің «тоқпағы» немесе депутатқа тапсырыс берген кім?
«Не шықса да депутаттардан шығады» деп едік. Бұл құбылыс үрдіске айнала бастаған сыңайлы. Парламент Мәжілісінің тағы бір депутаты елді шулатты. Шулатқанда да бұл жолғысының жөні тіпті бөлек. Бұған дейін «халық қалаулылары» деп атап жүргендеріміз сол халықтың, жұмсартып айтқанда, «қытығына» тиіп қана қойған еді. Бірі «Астананың атын өзгертейік» деп, жампоз-жағыпаздығын өткізе алмай сөзге қалды. Оны «төрт аяқтап» қолдаған екінші депутаттың да халық кім екенін ажырата алмай дал боп жүргенде мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің тірлігі тіпті тұрпайылығымен тітіркендіріп жіберді.